Жаңалықтар
Жаңалықтар

Mastercard Алматы метросында акция өткізеді

1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін метрода жүру тегін болады.
Mastercard компаниясы Алматы метрополитенімен бірлескен акцияның басталғанын жариялады. 1 қазаннан бастап 2023 жылдың соңына дейін кез келген банктің Mastercard картасы байланыстырылған Google Pay, Apple Pay немесе Samsung Pay мобильді құрылғылары арқылы метроға байланыссыз жол жүру ақысы әдеттегі 100 теңгенің орнына бар болғаны 5 теңгені құрайды.
Жол ақысын төлеу үшін активтендірілген Google Pay, Apple Play немесе Samsung Pay қосымшасы бар ұялы телефонды метроның кіреберісіндегі турникет тұғырында орналасқан брендті оқитын құрылғыға қосу жеткілікті.
"Жалпы, метрода жол ақысын бірнеше жолмен төлеуге болады - қолма-қол ақшамен, картамен, метроның жол жүру картасымен және Оңай. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Mastercard бастамасымен акция қолданылатын мобильді құрылғылар арқылы төлем жасау көзделген. Басқа тәсілдермен төленген жол ақысы өзгеріссіз қалады - 100 теңге ", - деп атап өтті Алматы қалалық Метрополитен кіріс жинау қызметінің басшысы Жазира Баймұхамедова.
Акция уақытша болып табылады, оны Mastercard компаниясы жүргізеді және қаржыландырады.
"Біз Қазақстанда қазіргі заманғы төлем құралдарының қолжетімділігі артып келе жатқанына қуаныштымыз. Бұл акция Mastercard карталарымен байланыстырылған мобильдік құрылғылар арқылы байланыссыз төлемдердің қолайлылығын, жылдамдығын және қауіпсіздігін бағалауға ғана емес, сонымен қатар метрополитенде жол ақысын төлеу сияқты жиі шығындардан айтарлықтай үнемдеуге бірегей мүмкіндік береді. Смартфонның немесе басқа құрылғының көмегімен Mastercard картасы бойынша Google Pay, Apple Pay немесе Samsung Pay-тен әрбір төлем сенімді қорғалған және кез келген Mastercard транзакциясы сияқты артықшылықтар мен кепілдіктерді ұсынады ", - деп атап өтті Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка.
Контактісіз төлемдерді пайдаланушылар үшін Mastercard ұсынатын артықшылықтар мен мүмкіндіктер туралы көбірек ақпаратты акцияның ресми сайтынан таба аласыз https://mastercard-promo.kz/