Метрополитен құрылымы
Метрополитен құрылымы
Құрылыс жөнінде ақпарат
Келешекте дамуы
Пайдалану жабдығы
Құрылыс жөнінде ақпарат
Құрылыс және техникалық жабдықтау
Алматы қаласы метрополитенінің бірінші желісін жобалау Метрогипротранс институтымен (Москва қаласы) КСРО МПС 07.04.82 ж. №Ш-11294 бекіткен ТЭН, сондай-ақ КСРО МПС 20.04.82ж. бекіткен жобалау тапсырмасының, КСРО МПС 25.12.00 ж. бекіткен жобаны түзету бойынша және Қазақ КСРО Министрліктер кеңесінің 20.12.90 ж. №18-30/17 қосымша тапсырманың негізінде жүзеге асырылды.
Құрылыстың өзгерген шарттарын есепке ала отырып, жобаға Алматы қалалық әкімшілігі Басшысының 06.10.95 ж. хаттамасына сәйкес объектінің атауы және шығындар жинағы құрамы бөлігінде өзгерістер енгізілді.
«Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезегін түзету» жобасын 2003 жылы «Метрожобалау» Мекемесі келесі негіздемеде әзірледі:
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары 2001 ж. 19 қазанда бекіткен Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезегін түзету тапсырмалары.
Алматы қаласы Метрополитенінің бірінші кезегі жөнінде жалпы мәліметтер
Метрополитеннің бірінші кезектегі трассасы терең қазылған жермен қаланың орталық бөлігі арқылы Райымбек даңғылынан Фурманов көшесі бойымен Абай даңғылына дейін, одан әрі Гагарин даңғылына дейін өтеді. Трассаның алыстағы учаскелері – деподағы тармақтар, Райымбек батыр бекеті және Алатау – терең қазылмаған.
Бірінші кезектің жалпы ұзындығы - 8,56 км, бірінші және соңғы бекеттердің осьтерінен пайдалануы - 7,5 км, бекеттердің саны - 7.
Бекеттер арасындағы орташа арақашықтық 1,25 км, ең үлкені - 1,596 км, ең азы - 0,99 км.
Алмалы – Абай – Байқоңыр аралықтары жоспарында қисықтардың ең аз радиусы – 300м.
Аралықтар бойынша трассаның максимал еңісі – 40 %.
Трассаның барлық ұзындыққа қатысты қисық сызықты учаскелері 23% құрайды.
Алатау бекеті платформаның бүйірлік орналасуымен, платформалары бар қалған бекеттер остров типті. Терең қазылған бекеттер еңісті эскалаторлық тоннельдер бетімен байланысты, онда төрт таспалы эскалаторлар орналасады.
Құрылыс учаскесіндегі инженерлік-геологиялық жағдайлар туралы мәліметтер
Алматы қаласы метрополитенінің бірегейлігі аса күрделі геотехникалық факторлар кешенімен анықталады:
1. Солтүстік Тянь-Шаннің күрделі өңірлік геодинамикасы;
2.Аумақтың MSK шкаласы бойынша 9-10 балдық жоғары сейсмикалылығы.
3. Тау аралық шұңқыр болып табылатын еңісті рельефпен тау алдындағы аумақ.
4. Топырақтардың әртүрлі болуы, беріктігі әлсіз, майда тасты топырақтар олардың құрамында диаметрі үш метрге дейін қойтастары бар.
5. Аралық және станциялық тоннельдердің 11м-ден 60м-ге дейін тереңдікте әртүрлі тереңдікте орналасуы.
Метрополитеннің бірінші кезектегі құрылыс ауданы Іле Алатауының солтүстік бауырында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің конусын шығару шектеулерінде орналасқан.
Құрылыс учаскесіне майда тасты топырақтар олардың құрамына өлшемі 200 - 400 мм дейін қойтастары бар және құмды толтырғышымен төселген. Толтырғыш кварцполевошпат құрамдағы әртүрлі түйіршіктегі құммен толтырылған.
Петрографиялық майда тасты топырақтар граниттердің сынықтарымен, гранодиориттермен ұсынылды. Диориттер, сиениттер, сұр түсі басым кварциттер, берік, қатты түрлері сирек ұсынылады. Кейде балшықтар да кездеседі.
Топырақты сулар трасса бойынша метрополитендегі қазбалар деңгейінен төмен 4 - 100 метр тереңдікте орналасады.
Инженерлік–геологиялық жағдайларды жалпы бағалау метрополитен құрылысы үшін шартты қолайлы болып қабылданды.
Құрылыс үшін жабдық пен технологиялар
Бекетті жаңа австриялық әдіспен салу
Бірінші желідегі метрополитеннің бекетін пайдалануға уақытылы қосу үшін «Алматыметроқұрылыс» АҚ мамандары заманауи жабдықты және құрылыстың жаңа технологиясын қолданды. ТМД елдерінің аумағында бірінші рет «Жібек жолы» пилонды типті бекетті салу кезінде жаңа австриялық тоннельдік әдіс (ЖАТӘ) енгізілді. Бұл технология қалған төрт терең қазылған бекет құрылысы кезінде де қолданылды.
«Жібек жолы» пилонды типті бекет құрылымын жобалық әзірлеу кезінде станциялық тоннельдерді қаптаудың күштеліп деформацияланған жағдайына тексеріс жүргізілді, сондай-ақ физикалық модельдеудің анағұрлым анықталған және әмбебап әдісін – балама материалдарды қолдана отырып, құрылыстың әрбір кезеңінде оның топырақпен әрекет ету сипаттамасы жасалды. Эксперименталдық зерттеулер ПМКжҚУ (Санкт-Петербург қаласы) "Тоннельдер және метрополитендер" кафедрасында профессор Д.М. Голицынскийдің басшылығымен тоннельдерді модельдеу зертханасында жүргізілді. Бұл әрлеуде созатын және қысатын күштеулердің анағұрлым үлкен мәндерімен орындарды белгілеуге және мұны армирлеу кезінде ескеруге мүмкіндік туғызды.
ЖАТӘ технологиясы қысқа мерзімде терең қазылған бекеттердегі негізгі көтергіш құрылымдарды құрылыстың дәстүрлі әдісімен салыстырғанда және күндізгі беттегі минимал шөгулермен көтеруге, сондай-ақ тесіп өтушілердің еңбегін барынша қауіпсіз етуге және механикаландыруға мүмкіндік туғызды.
Осы технология кезінде айына 24 п.м астам уақытша бекітуде станциялық тоннельдердің өту жылдамдығына қол жетті, ал тұрақты қаптауды жасау айына кем дегенде 30 м орындалды.
Atlas Copco Rocket Boomer 352 S қондырғысымен қорғаныс экранының құбырларын бұрғылау
Станциялық тоннельдің топырағын әзірлеу Бетонды шашырату құрылғысы
Liebherr R932 тоннельдік экскаватормен «Meyco Suprima» машинасымен бекіту
Жинақ және монолиттік темірбетон тоннельдік конструкциялар
Метрополитен қауіпсіздігі ТМД аумағындағы жетекші институт ОҒЗИС «ҒЗО» «Тоннельдер және метрополитендер» ААҚ (Мәскеу қаласы) әзірлеген сейсмикалығы берік тоннельдік конструкцияларды қолданумен және станциялық тоннельдерді салу кезінде «Бетон унд Мониербау» (Австрия) фирмасының прогрессивтік әзірлемелерді енгізумен қамтамасыз етілген.
Өздігінен жүретін көлік машиналарын қолдану
Алматы қаласының метрополитені құрылысында рельстік көлікті қолданбай жүргізгендердің бірі. Топырақты шығару, материалдарды жеткізу бойынша барлық жұмыстар өздігінен жүретін техника - жүк көтергіштігі 12т КамАЗ автосамосвалдарымен, шағын габаритті ТСШ-4Б, PAUS автомобильдер-самосвалдармен және ПД-2, ЛК-1 тиеу-жеткізу машиналарымен жүргізілді. Бетонды жеткізу және төсеу ТСШ-4б базасында бетонкөлік машиналарымен жүзеге асырылды.
Станциялық кешендерді салу барысында жаңа австриялық тоннельдік әдістің топырақты конвейерлік тасымалдаумен өнімділігі жоғары тоннельден шығатын кешенді қолдану Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезектегі құрылысын едәуір қысқартуға мүмкіндік туғызды.