Басты бет

Метрополитен құрылысының тарихы

Метрополитен құрылысының тарихы

almaty-metropoliten

1988 жыл

1988 жыл

1988 жылы Алматы қаласы метрополитенінің белсенді құрылысы басталды. Бірақ 1991 жылы КСРО–ның ыдырауы және содан кейінгі шарушылық және экономикалық байланыстардың тоқтап қалуы Алматы қаласы метрополитені құрылысының толық жүзеге асуына мүмкіндік бермеді. Бірқатар министрліктер мен ведомстволардың таратылуына байланысты көптеген сұрақтар шешілмей қалды. Осының барлығы метроны салу мерзімдерінің едәуір артта қалуына себеп болды. 1990 жылдар метро салуда өзіндік материалдық-техникалық және ғылыми базаны құру кезеңі болды. Аз қаржыландыруға қарамастан, аралық және эскалаторлық бекеттердің өткіштігі, терең орналасқан бекеттердің қазба жұмыстары, ал ең бастысы инженерлер мен жұмысшылардың тәжірибелі кадрлары сақталып қалды.

 

Алматы қаласындағы метрополитен құрылысының негізгі кезеңдері

7 қыркүйекте – Фурманов көшесі мен Октябрьдің 50 жылдығы даңғылының қиылысында сағат 4-тен 25 минут кеткен кезде экскаваторшы Ромсан Топаев «Средазстроймеханизация» тресінің 59-мехколлоннасынан Алматы метрополитенінің «Октябрьская» бірінші бекетінің құрылысы үшін алғашқы шөміш топырақты қазып алды.

8 қыркүйек – В.А. Брежневтің қолы қойылған көлік құрылыс министрлігі министрінің № 156-ОР бұйрығымен Алматы қаласындағы метрополитеннің құрылысы 01.01.1989 жылдан бастап «Бамтоннельстрой» СУС-тің жүзеге асыруына тапсырылады.

1989 жыл

1989 жыл

Алмалы бекетінде № 17 желдетпе ұңғысы, № 14-бис жұмыс ұңғысы, № 15-бис жұмыс ұңғысы, еңісті жол салу жұмыстары басталады. Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы кезінде бірінші еңісті жолдың өтуі үшін СКТБ «Бамтоннельстрой» «Като» жапондық экскаватор базасында өткел кешені құрастырылған.

1990 жыл

№ 110-бис, № 114-бис, № 112-бис жұмыс ұңғысы, № 19, № 15, № 113 желдетпе ұңғысы, «Жібек Жолы» бекетіне еңісті жол салу жұмыстары басталды.

«Алатау» бекеті жағынан КПЩ-12 механикаландырылмаған өткел кешені сол жақ аралық тоннель өткелінің құрылыс жұмысын бастады.

1991 жыл

1991 жыл

«Алатау» бекеті жағынан КПЩ-12 механикаландырылмаған өткел кешен оң жақ аралық тоннель өткелінің құрылыс жұмысын бастады.

«Райымбек» бекеті жағынан оң жақ аралық тоннель құрылыс жұмыстары басталды.

1992 жыл

№ 111 аралық желдетпе ұңғысын салу басталды.

1993 жыл

1993 жыл

1 қаңтар - «Алмаатагипротранс» институтының метро бөлімі «ПСО Алматыметроқұрылыс» құрамына кіретін П.В. Пашковтың басшылығымен дербес фирма «Метрожобалау» болып бөлініп шықты​.

1994 год

31 наурыз - Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қаулысының негізінде «Алматыметрокұрылыс» ААҚ құрылды​.

1996 жыл

Шілде - «Абай» бекетінің еңіс жолын салу жұмысы басталды. ТНУ-4 өткел кешені пайдаланылды​.

2001 жыл

22 қараша –Сол аралық тоннельдің «Тұлпар» бекеті батыс кіре-берісімен біріктірілді. «Алатау» бекетінен «Тұлпар» бекетіне дейінгі ұзындығы 1130 метрлік тоннель 11 жыл қазылды.

2004 жыл

2004 жыл

4 тамыз - «Жібек жолы» мен «Алмалы» екі бекетінің арасында сол аралық тоннель біріктірілді​.

2005 жыл

19 ақпан - «Бетон унд Мониербау» австралиялық компанияның мамандарымен бірлесе отырып, «Жібек жолы» бекетінің сол жақ бекеттік тоннелін салу жұмысы бастады​.

2006 жыл

1 қаңтар – «Тұлпар» бекетімен «Байқоңыр» бекетінің  сол аралық тоннель өткелі аяқталды. КПЩ-12 өткел кешені «Байқоңыр» бекетінің көлденең камерасының құрылысы бастады.

2007 жыл

2007 жыл

ЖАТӘ әдісімен «Тұлпар» бекетінің сол жақ станциялық тоннелінің, «Алмалы» бекетінің сол жақ станциялық тоннелінің, «Жібек жолы» бекетінің оң жақ станциялық тоннелінің, «Байқоңыр» бекетінің сол жақ станциялық тоннелінің, «Алмалы» бекетінің орта станциялық тоннелінің құрылысы басталды, сондай-ақ «Байқоңыр» бекетінің еңіс жолы мен кіреберіс коридорының құрылысы басталды.

2008 жыл

16 қаңтар - «Алмалы» бекетінің орта станциялық тоннелінің негізгі құрылысы аяқталды​.

2 наурыз - ЖАТӘ әдісімен «Абай» бекетінің оң жақ станциялық тоннелінің құрылысы басталды​.

10 наурыз - ЖАТӘ әдісімен «Тұлпар» бекетінің оң жақ станциялық тоннелінің құрылысы басталды​.

15 ақпан - «Абай» – «Байқоңыр» бекеттерінің оң жақ аралық тоннелі бөлшектелген камералармен қосылды. Камералар қосылған соң «Райымбек» бекетінен «Алатау» бекетіне дейінгі оң жақ аралық тоннельдің өткелі аяқталды.

25 шілде - «Абай» мен «Байқоңыр» бекеттерін қосудың соңғы қосылу жұмыстары жүргізілді. Бірінші кезектегі аралық тоннельдерің құрылысы аяқталды​.

2011 жыл

2011 жыл

1 желтоқсан - жалпы ұзындығы 8,6 км болатын метрополитеннің бірінші кезегі іске қосылды. Оның құрамына; "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Әуезов театры" және "Алатау" бекеттері кіреді.

2015 жыл

18 сәуір – метрополитеннің бірінші желісіндегі екінші кезектегі бірінші іске қосу кешенінің «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері пайдалануға берілді. Метро тоннелінің ұзындығы 2,74 км-ге дейін созылды.

«Сайран» бекеті Абай даңғылының бойымен Брусиловский және Тілендиев көшелерінің арасында орналасқан.

«Мәскеу» бекеті Абай даңғылының бойымен Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасында орналасқан.