Басты бет

Жаңалықтар

Жаңалықтар

almaty-metropoliten

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қызметтік әдеп Алматы метрополитенінде семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қызметтік әдеп Алматы метрополитенінде семинар өтті

2026 жылғы 18 наурызда Алматы қаласы әкімдігі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлы  Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында қызметкерлерге арналған семинар-кеңес өткізді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиынның негізгі мақсаты — Метрополитен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Семинар барысында әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп стандарттарының күшейгенін атап өтті. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілерге деген қоғам сенімін арттыруға және еңбек ұжымындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Ахетов Мамай Қаниұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына ерекше тоқталып, мемлекеттік қызмет институттарына деген сенімді арттыру — басты басымдықтардың бірі екенін жеткізді.