Мәскеу

almaty-metropoliten

Жалпы ақпарат

Қозғалысы шектеулі топтарға арналған ақпарат

Жалпы ақпарат

15.2 м.

Ені

110.3 м.

Ұзындығы

«Мәскеу» бекеті - Әуезов ауданындағы Абай даңғылы бойымен Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасындағы көлік жүретін бөлігінде орналасқан.

Бекет үш жағынан бағаналармен бөлінген, остров тәріздес платформасының ені 15,2 метр, отыру платформасының ұзындығы – 110, 3 метрді құрайды.

Ұсақ төселген бекет тереңдігі 11 метрді құрайтын платформаға дейін орналасқан, платформаның шет жағында орналасқан және бекеттің платформасымен әрбір вестибюль жағынан биіктігі  4,0 м баспалдақпен байланысқан, екі жерасты вестибюлінен тұрады.

Бекеттің вестибюльдеріне кіретін жерлері әрбір вестибюльге екі жер үстіндегі павильон арқылы қарастырылған. Әрбір павильон  биіктігі 6,8 метрден 8,3 метрге дейінгі екі эскалатор және баспалдақ арқылы вестибюльмен біріктірілген.    

Қабаттардың жоғарғы деңгейіндегі жабындылардың монолиттік тақталарымен біріккен бағаналардан, ригельдерден және диафрагммалардан тұратын ғимараттың құрылымдық қатынасы кеңістіктік рамалық-байланыс қаңқа түрінде жасалған. 

«Мәскеу» бекетіне жақын орналасқан нысандар:
- «КазИнвестСтрой» бизнес орталығы
- «Тигрохауд» киім базары
- «MOSKVA Metropolitan» СО
- «Сарыарқа» кинотеатры
- «Family park» мәдениет және демалыс саябағы

IMG_9357
IMG_9326
IMG_9348
IMG_9322
IMG_9319
IMG_9316
IMG_9314