Жалпы ақпарат
Қозғалысы шектеулі топтарға арналған ақпарат
Жалпы ақпарат
15,2 м.
Ені
104 м.
Ұзындығы
«Байқоңыр» бекеті - терең салынған. Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында орналасқан. Жер асты вестибюліне кіре-берістер мен шыға-берістер Байтұрсынов көшесі бойында Абай даңғылымен оңтүстік шығыс және оңтүстік батыс қиылысында орналасқан. Оңтүстік-шығыс кіре-берісі көтерілу биіктігі 6,0 м, ұзындығы 12,0 м екі таспалы эскалатормен жабдықталған.
Терең орналасқан бекет (тереңдігі 20 м) колонналық типтегі жол аралығы 18.1 м. Үш залдан тұрады — орталық және екі бүйірлік, олар ені 15,2 м, ұзындығы 104 м жалпы островтық платформаны құрайды. Көтеру биіктігі 20,0 м, ұзындығы 40,0 м эскалаторлар бойынша (4 таспа) бекетке түсіру-көтеру.
Бекет дизайны замануи стилде жасалған, Байқоңыр космодромымен байланысты. Қабырғаларды әрлеу үшін көгілдір және ашық сұр түсті металл панельдермен қапталған. Еденге сұр түсті гранит төселген. Платформалық учаскенің шетжағында 16 жарықдиодты дисплейлерден жиналған «бейнеқабырға» жарнамалық-ақпарат таблосы орнатылған.
«Байқоңыр» бекетінен жақын орналасқан нысандар:
- Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы
- Орталық cтадион
- «Променад» сауда Үйі
- Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ
- Алматы энергетика және байланыс университеті
- Туризм және спорт академиясы