Алатау

almaty-metropoliten

Жалпы ақпарат

Қозғалысы шектеулі топтарға арналған ақпарат

Жалпы ақпарат

5,4 м.

Ені

104 м.

Ұзындығы

«Алатау» бекеті – терең қазылмаған. Абай даңғылының оңтүстігіне қарай, Жароков көшесі мен Гагарин даңғылының арасында орналасқан. Кіре-берістер мен шыға-берістер Абай даңғылы бойы, Гагарин және Жароков көшелерінің бойында орналасқан. № 1-вестибюльге Абай даңғылы бойы кесе-көлденең орналасқан жаяу жол өтпелі келеді. Жерасты вестибюльдері платформалық учаскенің екі жағы бойынша орналасқан.

Терең қазылмаған бекет бір дөңесті екі бүйірлік отырғызылған платформалармен ені — 5.4 м, ұзындығы — 104 м, олардың арасынан рельс жолдары өтеді. Платформалық учаске ені — 17,7 м, платформа деңгейінен биіктігі — 11,6 м.

Интерьер жобасы идеясының негізіне «Алатау» бекетінің атауы, сондай-ақ Қазақстан аумағында өмір сүрген халықтардың ежелгі символикасы алынған. Қабырғалары ақ және жасыл мәрмәрмен безендірілген. Едені ашық қоңыр граниттен жасалған қарапайым графикалық суреті бар сұр граниттен тұрады. Вестибюльдер жағынан түсетін жерлердің үстінде платформалық учаскенің шет жақтарында Алматы қаласының үстінен маңғазданып көтерілетін Іле Алатау тау жотасы бейнеленген рим мозаикасынан, қоладан және рельефтен орындалған суреттік тақырыптық панно орналасқан​.

«Алатау» бекетіне жақын орналасқан нысандар​:
- Баспалар үйі
- «Жанна» сауда үйі
- «Арена» сауда үйі

IMG_0610
74
64
36
1_Alatau (18)
1_Alatau (17)
1_Alatau (25)
1_Alatau (11)
1_Alatau (1)
1