Қаріп өлшемі

Веб-сайт түсі

Суреттер

Сайттың қалыпты нұсқасы
metro-almaty-logo-main

Алматы қаласының Метрополитені

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қызметтік әдеп Алматы метрополитенінде семинар өтті
antikorrupcionnaia-kultura-i-sluzebnaia-etika-v-metropolitene-almaty-prosel-seminar

2026 жылғы 18 наурызда Алматы қаласы әкімдігі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлы  Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Метрополитен" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында қызметкерлерге арналған семинар-кеңес өткізді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиынның негізгі мақсаты — Метрополитен қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Семинар барысында әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп стандарттарының күшейгенін атап өтті. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілерге деген қоғам сенімін арттыруға және еңбек ұжымындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Ахетов Мамай Қаниұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына ерекше тоқталып, мемлекеттік қызмет институттарына деген сенімді арттыру — басты басымдықтардың бірі екенін жеткізді.

v-almatinskom-metro-moderniziruiut-turnikety-passaziram-stanet-udobnee-oplacivat-proezd

Алматы метросында турникеттер жаңартылады: жолаушыларға жолақыны төлеу ыңғайлы болмақ

Алматы метрополитенінде турникеттерді жаңарту жұмыстары басталды: 2025 жылдың күзіне қарай жолаушылар жолақыны тікелей кіреберісте – Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay сервисі бар банк картасын немесе смартфонды құрылғыға тигізу арқылы төлей алады.

Бұған дейін банк картасымен касса арқылы немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болатын. Енді барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады. Бұл жолаушылардың өту үдерісін едәуір жеделдетіп, жол жүруді әлдеқайда ыңғайлы етеді.

Бұл жаңашылдық көлік картасын қолданбайтын немесе жетон сатып алуға уақыт жоғалтқысы келмейтіндер үшін өте қолайлы. Енді кезекте тұрудың қажеті жоқ – тек картаңыз немесе смартфоныңыз болса жеткілікті.

Инфрақұрылымды жаңарту – қалалық қоғамдық көлік сапасын арттыруға және жолаушылардың, соның ішінде алматылықтар мен қала қонақтарының жайлылығын арттыруға бағытталған.

Алматы метрополитені жолаушылары жол ақысын QR арқылы төлей алады
passaziry-metropolitena-almaty-smogut-oplacivat-proezd-posredstvom-qr

 

Алматы метрополитенінде қалалық қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында 16 сәуірден бастап пилоттық режимде жолақы төлеудің жаңа тәсілі енгізіледі. Бұл баламалы төлем тәсілі жолаушыларға интернет желісіне қосылмай-ақ QR-код арқылы жолақы төлеуге мүмкіндік береді.

Аталған шешім жерасты инфрақұрылымының ерекшеліктерін ескере отырып әзірленіп, метрополитенді пайдалану ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.

Жаңа тәсіл бойынша жолақыны төлеу үшін:

1. ONAY! қолданбасын телефонда ашыңыз.

2. Негізгі беттің  төменгі жағында QR түйменібасыңыз.

3. «QR кодты жасау» таңдаңыз-ол байланысболмаған кезде де жасалады.

4. QR кодты турникеттегі камераға көрсетіңіз.

5. Жүйе балансты тексереді, турникет ашылады.

 Бұл - жолаушыға динамикалық түрде жасалған QR код арқылы сапарды тіркеуге мүмкіндік беретін технология, мобильді қолданба үшін интернетке кіру қажет емес, қолданба офлайн режимде кодты шығарады. Басқаша айтқанда, егер әдеттегі нұсқада статикалық терминал QR шығарып, пайдаланушы оны мобильді қосымшаның көмегімен оқытса - бұл технология бойынша QR тікелей қосымшада жасалады және жолаушы оны арнайы камерамен сканерлеп турникетке қол жеткізе алады.

Алматы метросы көлік саласының ажырамасбөлігі болып табылады, күн сайын метро 100 мыңнанастам жолаушыны тасымалдайды, оның 65% - дан астамы ONAY! Бірыңғай көліктік және жеңілдігі бар карталарымен жол ақысын төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, метрополитенде жолақысын бірнеше тәсілмен төлеуге болады: жетонмен, банк картасының көмегімен, метроның жол жүру ақысын толықтыратын смарт-картасымен немесе ONAY! көлік картасының көмегімен. Барлық төлем әдістері әдеттегідей қолжетімді болады және QR-мен бірге жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін барлық метро станциялары қосымша жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады. 

zapusk-novoi-stancii-v-almaty-uvelicit-passaziropotok-almatinskogo-metro-na-30
na-stanciiax-metro-poiavilas-sotovaia-sviaz
almasbek-orynbekov-rasskazal-o-razvitii-almatinskogo-metropolitena
Метрополитеннің 21 қыркүйектегі жұмыс кестесі
o-grafike-raboty-metropolitena-21-sentiabria

Құрметті жолаушылар!

20 қыркүйектен 21 қыркүйекке қараған түні Алмалы бекетінен Абай бекетіне дейінгі аралықтағы рельс бунағын ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай, 21 қыркүйек күні метро бекеттері өз жұмысын сағат 07:00-ден бастайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Мұндай алдын алу жұмыстары пойыздардың жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

«Алматы қ. Метрополитені» ШЖҚ МКК

Метро құрамдарының жүру жиілігі 5,38 минутқа дейін қысқарды
interval-dvizeniia-sostavov-sokrashhen-do-538-minut

Оқу жылының басталуы мен жолаушылар ағынының көбеюіне байланысты 5 қыркүйектен бастап метро желісінде 11 құрам қарбалас уақытта 5 минут 38 секунд жиілікпен жүретін болады.