Басты бет

БАҚ біз туралы

БАҚ біз туралы

almaty-metropoliten

Алматыда метро құрылысына байланысты Абай даңғылындағы автобус жолағы жабылады

Алматыда метро құрылысына байланысты Абай даңғылындағы автобус жолағы жабылады

Алматыда 22 қарашадан бастап Абай даңғылының учаскесінде шығыс бағыттағы автобус жолағы жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сарыарқа" станциясы - "Момышұлы" станциясы аралығының бөлшектеу камерасының үстіндегі топырақты бекіту бойынша жұмыстардың басталуына байланысты 2021 жылғы 22 қарашадан 30 қарашаға дейін Абай даңғылы бойынша Саин мен Момышұлы көшелерінің арасында шығыс бағытта автобус жолағы қозғалыс үшін жабылады", - деп хабарлады қалалық ұтқырлық басқармасы.

"Метрополитен" КМК қала тұрғындарынан мәжбүрлі қолайсыздықтар туралы түсіністікпен қарауды және алдын ала айналып өту жолдарын қарастыруды сұрайды.

Бұған дейін Алматы әкімі ағымдағы жылдың соңына дейін "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" екі жаңа станцияның техникалық іске қосылуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Содан кейін екі станция іске қосылғаннан кейін метро жолаушылар ағыны күніне 86 мың адамға дейін өседі деп хабарланды.