Бұл - карта ұстаушыларға төлем картасын немесе өзге төлем құралын: телефонды, қол сағатын немесе брелокты салыстырып оқитын төлем терминалына жақындату немесе тигізу арқылы төлем жасау әдісін ұсынатын төлем жүргізудің контактісіз технологиясы. Банктік картаның контактісіз екендігін картада орналасқан белгі бойынша немесе PayPass логотипі бойынша анықтай аласыз.
MasterCard және Visa контактісіз банктік карталарымен.
MasterCard контактісіз технологиясы жөнінде сіздер толығырақ mastercard.kz сайтынан біле аласыздар.
Егер Сіз банктік картаның ұстаушысы болып табылсаңыз, Сіз MasterCard контактісіз картасын ашу мүмкіндігі жөнінде картаны шығарған банктен біле аласыз.
«Сары жетон» бойынша жол жүру құны қанша болса, контактісіз банктік картамен төлеу кезіндегі жол жүру құны соншаға тең. «МЕТРОПОЛИТЕН» КМК тарифтері жөніндегі толық ақпарат мына жерде: http://www.metroalmaty.kz/
Жол ақысын «Метрополитен» КМК барлық вестибюльдерінде багаж турникетінің сол жағындағы тумбада төлеуге болады
Жол жүру төлемін сәтті жүргізу үшін сізде MasterCard немесе Visa жүйелерінің активті, мерзімі өтпеген контактісіз картасы немесе өзге құрылғысы (телефон, сағат, стикер) және карта шотында ақшалай қаражаттың жеткілікті көлемі (кем дегенде бір жол жүру құны) болуы тиіс.
Жол жүру ақысын төлеу үшін MasterCard немесе Visa контактісіз картасын багаж турникетінің сол жағындағы тумбада орналасқан және сары шеңбермен белгіленген салыстырып оқитын құрылғыға жақындатсаңыз жеткілікті. Қаржы сары жетон бойынша бір жол жүру құнының мөлшерінде автоматты түрде сіздің банктік картаңыздың есебінен шығарылады.
Жасыл сигнал – өтуге болады.
Қызыл сигнал – өтуге болмайды.
Турникеттерде ақы төлеу кезінде қиындық туындамас үшін, төлем жасалатын банктік карта шотындағы ақша қалдығын алдын-ала тексеріп қоюды ұсынамыз.
Егер сіз турникетте төлем жасап, 6 секунд ішінде турникет арқылы өтпесеңіз, қызмет көрсетілді деп есептелініп, қаржы қайтарылмайды.
Жолаушының жеке кабинеті – бұл интернет сайты, онда сіз өзіңіздің банктік картаңызбен жол ақысын төлеудің тарихын көре аласыз, сондай-ақ бар болса, жол жүру берешегін өтей аласыз. Жеке кабинетке «МЕТРОПОЛИТЕН» КМК http://www.metroalmaty.kz/ сайты арқылы кіруге болады.
Контактісіз банктік карталармен жол ақысын төлеу кезінде 10 минут тайм-аут болады. Егер осы кезеңде салыстырып оқу құрылғысына картаны екінші рет жақындатсаңыз, құрылғы экранында өтуге тыйым салынғандығы туралы қызыл сигнал пайда болады.
Егер бұрын-соңды төлем жасап жүрген картаңыз төлем жасау үшін турникетте қабылданбаса, ол келесі себептерге байланысты болуы мүмкін:
Бұл осы карта бойынша жол жүру болғандығының, бірақ та ақшаның есептен шығарылмағандығын түсіндіреді. Демек, жол жүру ақысы төленбей қалған, яғни карта бойынша берешек туындаған. Мұндай жағдай төлеу сәтінде картада қаржының жеткіліксіздігі, банктің картаға тосқауыл қою немесе қаржыны есептен шығару туралы сұратуды орындау кезіндегі техникалық проблемалар нәтижесінде орын алуы ықтимал.
Карта берешекті өтеген соң, 10 минут ішінде стоп-парақтан автоматты түрде алынып тасталады. «Метрополитен» КМК http://www.metroalmaty.kz/ сайтындағы жолаушының жеке кабинетінде төленбеген жол жүрулер туралы ақпаратты алуға, берешекті өтеуге болады.
Контактісіз банктік карта бойынша төлемнен бас тарту себебін сіз «Метрополитен» КМК http://www.metroalmaty.kz/ сайтындағы жолаушының жеке кабинетіне кіру арқылы біле аласыз.
Кейбір контактісіз банктік карталар, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылған карталар турникетте жол жүру ақысын төлеу үшін қолданыла алмайтындығына назарларыңызды аударамыз. Жол ақысын осы карталармен төлеуді «Метрополитен» КМК кассаларында жүргізе аласыздар.
Егер карта жол жүру үшін қолданылған болса, бірақ та белгілі бір себептерге байланысты ақша есептен шығарылмаса, онда карта бойынша берешек туындайды және карта автоматты түрде жүйенің стоп-парағына түседі. Берешек өтелмейінше, карта жол жүру төлемі үшін қолданыла алмайды.
Жол жүру ақшасын карта есебінен шығару келесі себептерге байланысты жүргізілмейді: картада қаржының жеткілікті көлемі болмаса, картаны шығарушы банк тарапынан карта бойынша операцияларға тосқауыл қойылса немесе ақшаны есептен шығару туралы сұратуды орындаған кезде техникалық проблемалар болса.
Егер картадан ақшаны шығарудың алғашқы ұмтылысы сәтсіз болса, жүйе жол жүру сомасын карта есебінен шығарудың бірнеше ұмтылысын автоматты түрде орындайды.
Берешекті жолаушының жеке кабинетінде өтеуге болады.
Егер жол жүру үшін берешек толығымен өтелсе, карта 10 минут ішінде автоматты түрде стоп-парақтан шығарылады.
«Метрополитен» КМК http://www.metroalmaty.kz/ сайтындағы жолаушының жеке кабинетінде төленбеген жол жүрулер туралы ақпаратты алуға, сондай-ақ берешекті өтеуге болады.
«Метрополитен» КМК-да жол жүру құжатын сатып алуды растайтын құжатты алу қажет болған жағдайда, біз жол жүру билеттерін «Метрополитен» КМК билет кассаларынан сатып алуды ұсынамыз.
Жолаушының жеке кабинетінен сіз «Операция туралы ақпаратты» басып шығара аласыз. Сіздің назарыңызды мынаған аударғымыз келеді, яғни «Операция туралы ақпарат» жол жүру құжатының бланкісі болып табылмайды. Сіз сервис жұмысы туралы өзіңізді қызықтыратын сұрақты қоя аласыз немесе жолаушының жеке кабинетінің басты парақшасындағы кері байланыс нысаны арқылы проблема жөнінде хабарлай аласыз.