Құрметті жолаушылар!
Біз Сіздерге арнап тегін қалта карталарын шығардық. Картада метро желісінің өтетін жерлері, бекеттері және метроға жақын орналасқан Алматы қаласының басты көрікті жерлері көрсетілген.
Сондай-ақ, метрополитен бекеттерінің жанында орналасқан аялдамаға дейін тасымалдайтын автобустардың, трамвайлардың және троллейбустардың маршрут нөмірлері көрсетілген.
Карталарды метрополитен бекеттерінің кассаларынан тегін алуға болады.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022