Алматы қаласының тұрғыны Анна Чебакова метрополитеннің 20-миллионыншы жолаушысы атанды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильин бойжеткенді құттықтап, метрополитенде тегін жол жүру 1 жылдық абонементін және плазмалық теледидарды сыйға тартты.
Метроны пайдалануға беру күнінен бастап жолаушылар тасқынының тұрақты өрлеуі байқалады. Егер 2012 жылғы тәуліктік жолаушылар тасқыны тәулігіне 15-16 000 жолаушылардан тұрса, қазіргі уақытта метрополитен тәулігіне 24 - 25 000 жолаушыларды тасымалдайды. Сарапшылардың болжаулары бойынша жаңа «Сайран» және «Мәскеу» бекеттерін пайдалануға бергеннен кейін тәуліктік жолаушылар тасқыны екі есеге көбейеді.