III Халықаралық ғылыми-техникалық конференция

III Халықаралық ғылыми-техникалық конференция

Алматыда III Халықаралық ғылыми-техникалық конференция «Орталық-Шығыс Еуропа және Азия метрополитендерінде жолдың үстіңгі қабатын төсеу – жобалау, салу және пайдалану қауіпсіздігі. Жолдың балластсыз конструкциясында бағыттамалы бұрмаларды орналастыру әдістері» өтті.

Конференцияны ұйымдастырушылар: «Метро» Халықаралық Қауымдастығы қамқорлығымен «Метрополитен» КМК.

Конференцияда мынадай мәселелер талқыланады: Алматы метрополитенінің құрылысы және оның даму жоспары, ТМД елдерінің метрополитендерінде поездар қозғалысының қауіпсіздік жағдайын талдау, жолдың балластсыз конструкциясында бағыттамалы бұрмалардың әдістері және құрылысы, сондай-ақ метрополитендер үшін жаңа шешімдер мен технологиялар таныстыру рәсімі өтеді.

Конференция шеңберінде ТМД елдерінің метрополитендерінде қауіпсіздік бойынша ревизорлардың жылсайынғы жиналысы өтеді. Жиналыс барысында поездар қозғалысы қауіпсіздігін жоғарлату мәселелері және метроның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде ревизорлық аппараттың рөлі, қалыпты жұмыстың бұзылуын ескерту бойынша қозғалыс қауіпсіздігі мәселелеріндегі алдын-алу жұмыстарының жүйесі, апаттық-қалпына келтіру қалыптастыру жұмыстарының тәжірибесі және олардың техникалық жабдықталу мәселелері талқыланады.

Конференция 2 күнге созылады. (2014 ж. 26-27 қараша)

«Метро» Халықаралық Қауымдастығы - ширек ғасыр бойы Ресей, Украина, Белоруссия, Грузия, Армения, Әзірбайжан және Өзбекстан, ал 2010 жылдан бастап Қазақстанның да метрополитендерін біріктіретін метрополитендердің және өндірістік кәсіпорындардың ынтымақтастығы. Қауымдастық құрамына метрополитендер үшін техникалық құралдарды және әртүрлі жабдықтарды өндіретін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар кіреді.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021