1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні

1 желтоқсан 2014 ж.

Бүгін Қазақстан Республикасының Бірінші Президент күніне орай «Байқоңыр» бекетінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында аналарға арналған «МамаДом» 1-коворкинг орталығының қатысушылары  метро жолаушылары үшін мерекелік концерт көрсетті.

Сонымен бірге, Бірінші Президент күніне орай «Метро балалардың көзімен» атты сурет салудан балалардың қалалық байқауы аяқталды. Байқау жеңімпаздарын Алматы қаласының әкімі құттықтады және оларды дипломдармен марапаттап, сыйлықтар берді.  

Өзінің құттықтау сөзінде «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздің дамуына, өмір деңгейінің жақсаруына, ұлтаралық келісім үшін, әрбір қазақстандықтың өсуі мен өркендеуі үшін мүмкіндігінің болуына қандай күш жұмсап жатқанын біз білеміз.  Алматыда Қазақстан Президентінің тапсырмаларын орындау үшін көп нәрсе істелініп жатыр», - деді Ахметжан Есімов.

Сурет салу байқауында оқушылардың 450 жұмысы қаралды. Жеңімпаздарды қоғамдық ұйымдардың, БАҚ және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының өкілдері қатысқан жюри айқындады.

Байқаудың жас жеңімпаздарын марапатағаннан кейін Алматы қаласының әкімі метрополитеннің екінші кезектегі салынып жатқан «Сайран» және «Мәскеу» бекеттеріне барып қайтты.

«Жолдары төселген, айдың соңына дейін бекет құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Одан кейін міндетті түрде тест сынақтары өтеді және келесі жылы олар пайдалануға беріледі. Метро – арнайы көлік және, бірінші кезекте, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек», - деп атап өтті әкім.

Сондай-ақ, әкім «Сайран» және «Мәскеу» жаңа бекеттерінің іске қосылуымен байланысты, мамандардың есебі бойынша жолаушылар саны екі есеге көбейетінін де, атап кетті.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021