АҢСАҒАН МҰСТАФАНЫҢ СУРЕТТЕР КӨРМЕСІ

2014 жыл 11 қараша

 

Бүгін «Байқоңыр» бекетінде ​суретші Аңсаған Мұстафаның  «Сөйле, сурет!» атты  көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрменің ашылу рәсімін суретшінің әкесі, белгілі жазушы Кұрманғазы Мұстафин жүргізді.

Жас суретшінің суреттері отбасындағы зорлық-зомбылық, ішімдік, жасанды түсік жасау мәселесі, әке мен баланың қарым-қатынасы және т.б. әлеуметтік тақырыптарды қамтыған. Жұмыстар графика техникасында орындалған. Суретшінің шығармашылығы ғаламтор пайдаланушылардың ортасында аса мол танымалдылыққа ие болды.

Аңса Мұстафа 1979 жылдың 12 қыркүйек айында, Атырау облысы Миялы ауылында дүниеге келді. 1997 жылы Алматы қаласының сурет колледжін бітіріп, Жүргенев атындағы Өнер академиясының графикалық дизайн бөлімінің студенті атанды.

Алматы қаласы метрополитенінде суретшінің 50-ге жуық суреттері көрмеге қойылған. Көрме 2014 жылдың 25 қарашасына дейін «Байқоңыр» бекетінде (Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында) өтеді.

Біз сіздерді күтеміз!

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021