«Метро - бала көзімен» тақырыбына оқушылар арасында көркемөнер жұмыстарының байқауы

 
Алматы қаласының метрополитені «Қаламгер Азамат» жас журналистердің ҚҚ және «www.myprofession.kz» сайтымен бірлесіп «Метро – бала көзімен» атты 1—11-сынып оқушылары арасында байқау өткізеді. Байқауға Алматы қаласының жалпы білім беру мекемелерінің барлық оқушылары қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, олардың білімін құрылыс тарихы, бекет интерьерінің дизайны бойынша және метрополитенді қолдану ережелері жөнінде жақсарту.

Жұмыстар жинақталып және қазылар алқасы бағасын бергеннен кейін байқау жеңімпаздарын салтанатты, ресми марапаттау өткізіледі және арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылады. Барлық байқау жұмыстары метро бекеттерінде арнайы көрме шеңберінде қойылады, 50 ең үздік сурет «www.myprofession.kz» сайтында жарияланады.

     Жұмыстар 2014 жылғы 20 қарашаға дейін қабылданады. Байқау Алматы қаласы метросының үш жылдығына орайластырылған.

Байқау шарттары:
  1. Суреттер А3 өлшемде (картон) болуы керек. Сурет өлшемі басқа формада: А3 шегінде тік бұрышты немесе квадрат бола алады;
  2. Суреттер әртүрлі техникада (сия, май, гуашь, акварель, пастель, бояу қарындаштар, фломастер, қаламсап, компьютерлік графика, аралас техника және т.б.) салынуы мүмкін;
  3. Байқау суреттері қайтарылмайды, және авторларға рецензиялар жіберілмейді;
  4. Жұмысты бір автор орындау керек;
  5. Суреттер ата-аналар мен мұғалімдердің көмегінсіз жасалу керек;
  6. Суреттің оң жақ төменгі бұрышында қатысушының аты-жөні және суреттің атауы жазылуы керек. Суретке келесідей ақпаратпен қағаз жабыстырылуы тиіс: қатысушының туған жылы (күні, айы, жылы), мекенжайы (пошталық), байланыс телефондары, мектептің аты мен нөмірі.
  7. Жұмыс тақырыбы жоғарыда аталған атауға сәйкес болуы керек.
  8. Бағалау белгілері: тақырыбы бойынша жұмысқа сәйкестігі, жұмыстың дәлдігі, айқындылығы және көз тартарлығы, ақпараттау деңгейі, жұмыс сапасы.
  9. Суреттер қосымша әшекейлерсіз қабылданады.
  10. Суреттер саны: бір қатысушыдан
  11. Суреттер мына мекенжай бойынша жіберілуі керек: 050000 Қазақстан, Алматы қаласы, Панфилов көш., 84 («Метрополитен» КМК, 504-кабинет, Баспасөз қызметі). Жұмыстар 2014 жылғы 20 қарашаға дейін қабылданады.
 Анықтама алу үшін байланыс телефоны: +7 (727) 396 87 76.
 
                                                                                

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021