«Жібек жолы» бекеті

«Жібек жолы» бекеті – терең орналасқан. Панфилов және Гоголь көшелері қиылысқан жерінде тұр. Жер асты вестибюліне кіре-берістер және шығатын жерлер Гоголь мен Панфилов көшелері қиылысының оңтүстік шығысында орналасқан.​

Терең орналасқан бекет (тереңдігі 30 м) пилонды тип жол аралығы 25 м. Үш залдан тұрады — орталық және екі бүйірлік, олар ені 19,8 м, ұзындығы 104 м жалпы аралдық платформаны құрайды. Көтеру биіктігі 28,5 м, ұзындығы 57,0 м эскалаторлар бойынша (4 таспа) бекетке түсіру-көтеру.

Интерьердің сәулет-сурет шешімі қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін дәстүрлі қабылдауға негізделген. Қабырғалар сарғыш түсті мәрмәр мозаикамен қапталған, жасанды тастан дайындалған сәндік элементтермен безендірілген. Өтетін жерлердің аркалары және плинтус қоңыр түсті мәрмәрдән жасалған. Еденге ұлттық ою-өрнек бейнеленген граниттік тақталар төселген. Платформаның орталық залындағы шетжақ қабырғасында Ұлы Жібек Жолы өткен: үнділік Тадж-Махал, Ұлы Қытай қабырғасы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Мысыр пирамидалары, Рим Колизейі, Афина Парфеноны,  Иорданиядағы Эд-Дейр шіркеуі еліміздің белгілі символдары бейнеленген екі шеңбер түрінде сәндік  паннода орындалған. Бір қызығы, сол қатарда Жібек жолынан Жер шарының басқа жағында жатқан аумақта Жібек жолы өткен Мексикадағы Кукулькана Пирамидасы бейнеленген екі шеңбер түрінде сәнді орындалған. Орындаудың негізгі технологиялық материалы скульптуралық барельефтерімен сәйкес қол жазбамен жабылған глазурленген рельефтік негіздегі керамика болып табылады​.

«Жібек жолы» бекетіне жақын орналасқан нысандар:
- ОУМ («Заңғар» Сауда үйі)​
- «Отырар», «Жетісу» қонақ үйлері​
- № 2 дәріхана​
- «Юбилейный» супермаркеті​
- «Москва», «Академ кітап», «Silk Way» дүкендері​
- «Цезарь» кинотеатры​
- Жаяу жүру аумағы (Жібек жолы көшесі Абылай хан даңғылы және Қонаев көшесі арасындағы: «Алматы Арбаты»)​
- Вознесенск соборы​
- 28 Панфиловшылар паркі
- "Алматытелеком" кеңсесі
 

КГП МЕТРОПОЛИТЕН АЛМАТЫ 2016