Алматы қаласы метрополитені бірінші желісінің бірінші кезегі 2011 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылды. Осы учаскенің жалпы ұзындығы 8,56 км құрайды. Оған жеті бекет кіреді: «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М. Әуезов ат. драма театры» және «Алатау».
Одан әрі дамуы батыс бағытта қарастырылған және 3 іске қосу кешенінен тұрады, сондай-ақ автовокзал «Западный» бекетіне дейін созылған:
бірінші - Алатау бекетінен Мәскеу бекетіне дейін (пайдалануға енгізілген)
екінші - Мәскеу бекетінен Достық бекетіне дейін (салынып жатыр)
үшінші - Достық бекетінен Қалқаман бекетіне дейін (жобаланып жатыр)
созу - автовокзал «Западный» бекетіне дейін. Үшінші кезек
2015 жылдың 18 сәуірінде метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің бірінші іске қосу кешені іске қосылды, ол «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері. Аралық тоннель ұзындығы 2,73 км және желінің жалпы ұзындығы 11,2 км құрады.
Іске қосылғаннан кейін жолаушылар ағыны екі есе өсті және тәулігіне 40-45 мың адамға дейін жетті.
Метрополитен құрылысының негізгі мақсаты – көлік инфрақұрылымын жетілдіру, жолаушылар тасымалының көлемін көбейту, көлік байланысын ұлғайту, ілеспе инфрақұрылымды дамыту, қаланың экологиясын жақсарту.
Метрополитенді дамыту V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLVII сессиясының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №394 шешімімен бекітілген ««Алматы – 2020» даму бағдарламасы» сәйкес қарастырылған.
Бұл ретте, «Қоғамдық көліктің мобильділігі мен қолжетімділігін арттыру» ««Алматы – 2020» даму бағдарламасы» 3.1.1.2 мақсатқа қол жеткізу жолдарына сәйкес көлік саясатының басты бағыттарының бірі метрополитеннің 1-желісін ұлғайту – екінші іске қосу кешені, үшінші іске қосу кешенінің және үшінші кезектің құрылысы болып табылады.
Бүгінгі таңда екінші іске қосу кешенінің құрылысы жүріп жатыр, метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің екінші іске қосу кешенінің учаске трассасы Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейін батыс бағытта орналасқан. Аралық тоннельдерден және екі бекеттен тұрады: Сарыарқа бекеті – терең төселген пилон типті және Достық бекеті – ұсақ төселген.
Екі жолды есептеген кездегі құрылыс ұзындығы - 3,08 км.
2-іске қосу кешенін пайдалануға енгізгеннен кейін метрополитен қызметіне сұраныстың болжамдық есеп қорытындыларына сәйкес күнделікті жолаушылар ағының күтілетін саны 85 000 адам болады. Бұл метрополитенде жолаушылар тасымалының едәуір өсуін береді және Абай даңғылын көп есе босатады.
Сарыарқа бекеті «Фэмели» паркінің қасында орналасқан, бекет қаладағы адам саны көп орналасқан ауданды, №3, 4, 5, 6, 7, 8, 12 ықшам аудандарын қамтиды.
Екі жерасты вестибюлі және кіре-берістері бар Достық бекеті, болашақта созылатын Абай даңғылының бойымен Момышұлы көшесінің батысына қарай көлік өтетін жолдың астында орналасқан, Жетісу, Жетісу 2, Жетісу 4, Мамыр, Мамыр 5, Мамыр 7 ықшам аудандарын қамтиды.
Метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің үшінші іске қосу кешенінің учаске трассасы болашақта созылатын Абай даңғылының бойымен, Яссауи көшесінен Қалқаман ықшам ауданындағы Әуезов көшесіне дейінгі батыс бағытта орналасқан. Аралық тоннельдерден және Қалқаман бекетінен тұрады. Ұсақ төселген бекет, екі жолды есептегендегі ұзындығы – 2,4 км.
«Қалқаман» бекетінен автовокзал «Западный» бекетіне дейінгі Алматы қаласы метрополитенінің бірінші желісінің екінші кезегін ұзарту ұзындығы 2,48 км аралық тоннельдерді және «Автовокзал «Западный» бекетін қамтиды.
Қаланы дамытудың Бас жоспарына сәйкес Райымбек даңғылы мен Қалқаман ықшам ауданындағы Әуезов көшесінің қиылысында бірыңғай көліктік аыстырып отырғызатын тораптың немесе халықарылық автовокзалды, метрополитен бекетін, жеңіл рельсті көлік бекетін, сондай-ақ 500 орынды жеңіл көлікке арналған паркингті байланыстыратын «хаба» құрылысы жоспарлануда, бұл қала маңының тұрғындары мен қалаға кіретін қонақтарды Алматының орталық аудандарымен байланыстыратын метрополитенге қосымша қуат береді. Бұл ретте тәуліктік есептелген жолаушылар ағыны 100 мыңға дейін жететін болады.
Сонымен бірге метрополитеннің қолданыстағы желісімен қоғамдық көліктің маршрутты желісін, сондай-ақ батыс бағытта жоспарланған екінші кезекпен біріктіру жүйесін құру жолаушыларды тасымалдау бойынша анағұрлым сапалы көлік қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023