Электрдепо қызметі «Метрополитен» КМК-нің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қызмет бастығы басқарады және «Метрополитен» КМК директорының пайдалану жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.
Электрдепо қызметінің тапсырмалары:
Алматы қаласы метрополитенінің техникалық тексерілген электрпоездарының желіге шығуын жолаушылар тасымалдайтын талаптарға сәйкес қамтамасыз ету;
Метрополитен электрпоездарына оларды пайдалануға жарамды жағдайда ұстау үшін кезеңдік техникалық қызмет көрсету (ТҚ) түрлерін жүргізу;
Метрополитен электрпоездары машинистерінің метрополитен электрпоездарын басқарудың заманауи талаптарына сәйкес біліктілігін көтеру және дайындау. Электрдепоның құрылымдық жұмыскерлерімен метрополитенді пайдалану ережелері, басқа елдердің метрополитендерін пайдалану тәжірибесі бойынша сабақтар жүргізу.
Электрдепо міндеттері:
Құрамында еңбек құқығының нормалары бар еңбек заңнамасын және басқа нормативтік-құқықтық актілерді қадағалау;
Еңбекті қорғаудың қауіпсіз шарттарын, электрдепо жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығын еңбек қызметі барысында сақтауды қамтамасыз ету;
Метрополитен басшылығы бекіткен жоспарды тапсырмаларды орындау, өндірістің техникалық деңгейі мен тиімділігін арттыру;
Электрдепо қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қадағалауды қамтамасыз ету, қауіпті өндірістік объектілерде апаттарды ескеруге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу және апаттарды оқшаулауға және олардың салдарларын жоюға дайындықты қамтамасыз ету;
Өндірістік жабдықты пайдалану, қызмет көрсету және сақтау, электрдепо ғимараттары мен имараттарының жағдайын бақылау;
"Метрополитен" КМК жылдық және жоспарлық жоспарларын әзірлеуге қатысу, әзірлеу кезінде "Метрополитен" КМК бекіткен жеке жоспарларын, нормативтерін және лимиттерін қолдану;
Материалдық ресурстарды тиімді қолдануды қадағалауға, "Метрополитен" КМК мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін қадағалай отырып, қоршаған ортаға әсері барынша аз экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін табиғатты қорғау шараларын әзірлеу. Қызмет жұмысы бойынша ескертпелерді жоюды бақылау;
Метрополитенді техникалық пайдалану ережелерін, метрополитенде белгі беру бойынша нұсқаулықты, метрополитенде поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулықты, «Метрополитен» КМК бұйрықтар, нұсқаулықтарды нақты орындау.