Электрмен қамтамасыз ету қызметі «Метрополитен» КМК-нің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қызмет бастығы басқарады және «Метрополитен» КМК бас инженеріне тікелей бағынады.
Электрмен қамтамасыз ету қызметі – өзінің жұмысында тұтынушылардың электрқондырғыларды техникалық пайдалану ережелерін (ТЭ ТПЕ), электрқондырғыларды пайдаланған кезде еңбекті қорғау ережелерін (қауіпсіздік ережелері), метрополитеннің ТПЕ, Алматы қаласы метрополитенінде поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулықты және ББН (белгі беру нұсқаулығы), электрқондырғы құрылғыларының ережелерін ЭҚЕ, еңбекті қорғау жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтарды, шұғыл және технологиялық нұсқаулықтарды, еңбек заңнамасын, "Метрополитен" КМК басшылығының бұйрықтарын және өкімдерін басшылыққа алады.
Электрмен қамтамасыз ету қызметінің негізгі тапсырмасы жылжымалы құрамды және метрополитеннің барлық құрылғылары жұмысын электрэнергиямен үзіліссіз қамтамасыз ету болып табылады. Электрмен қамтамасыз ету құрылғыларының тұрақты жұмысынан көбінесе поездар қозғалысының қауіпсіздігі, жабдықтың сенімді жұмысы және жолаушыларға мәдени қызмет көрсету байланысты болады.
Электрэнергиядағы метрополитеннің талаптары жалпы есептелген қуаты 17МВт 6 тартымдық-төмендеткіш және төмендеткіш қосалқы станцияларды қамтамасыз етеді. Кабельдік желінің ұзындығы 258 мыңнан астам километрді құрайды. 127 мыңнан астам жарықтандырғыш аспаптар мен құрылығылар пайдаланылуда.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023