Электрмеханикалық құрылғылар қызметі «Метрополитен» КМК дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қызмет бастығы басқарады және «Метрополитен» КМК-нің бас инженеріне тікелей бағынады.
Қызмет тапсырмалары:
Метрополитен нысандары бойынша электрмеханикалық құрылғылардың үзіліссіз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету;
Жабдықты техникалық пайдалану ережелеріне және электрқондырғылар құрылғыларының ережелеріне сәйкес пайдалану, жөндеу және күтіп-ұстау;
Электрмеханикалық құрылғыларға алдын-алу жұмыстарын, жөндеуді уақтылы және сапалы жүргізу.
Қызмет міндеттері:
Қызметтің өндірістік жұмысын күнделікті реттеу, жоспарларға сәйкес бірқалыпты жұмысты қамтамасыз ету;
Электрмеханикалық құрылғыларды ағымдағы күтіп-ұстау және жөндеу;
Қызмет балансындағы жабдықты, аспапты, технологиялық жабдықты тиімді пайдалану мен сақтауды қамтамасыз ету.