Жолдар және тоннельдік имараттар қызметі

       Жолдар және тоннельдік имараттар қызметі «Метрополитен» КМК-нің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қызмет бастығы басқарады және «Метрополитен» КМК директорының пайдалану жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.       

        Жолдар және тоннельдік имараттар қызметі — құрылымдық бөлімше, оның жауапкершілігіне метрополитенді техникалық пайдалану ережелеріне және белгіленген жылдамдықтары бар поездардың қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз еткен кезде метрополитеннің басқа басқарушы құжаттарына сәйкес имараттарды пайдалану, жөндеу және қайта жаңарту бойынша тапсырмалары кіреді. Қызмет басқарылуында үлкен жерасты және жерүсті кешені бар, оның ішінде 17,055 км тоннельдер, 7 бекет, 9 вестибюль, 17,055 км бас жолдар, 4,038 км парк жолдары, бас және парк жолдарында бағыттамалы бұрмалардың 40 кешені, бас жолдарда айқаспалы тоғысулардың 2 кешені, парк жолдарындағы тармақтар үстінде жол жүру эстакадасы, желдеткіш киоскілер жердің бетінде, көше астындағы жол жүру өткелдері, жерасты тазарту құрылыстары, жерүсті ғимараттары және  электрдеподағы парк жолдары.
Қызметте 2 бөлімше – бұл жол дистанциясы және тоннельдік имараттар дистанциясы​.
Жолдар дистанциясын белгіленген кезеңділікпен, жол, бағыттамалы бұрмалар, түйіспелі рельс және жол құрылғыларының жағдайын бақылаумен сәйкес жүзеге асырады, бұл ретте түнгі технологиялық «терезелер» кезінде жөндеу жұмыстарының шағын және орташа көлемдерін орындайды. Метрополитенде рельстік шаруашылықтың бұзылмауын бақылаудың негізгі диагностикалау әдісі ультрадыбыстық дефектоскопия болып табылады. Жол дистанциясындағы дефектоскопты-жолөлшегіш құралдар учаскесінің қызметкерлері 2 шешілмелі, тасымалды дефектоскоптардың және белгіленген кезеңділікпен 1-жол өлшегіш арбаның көмегімен жолдың, рельстердің және рельстік бекітпелердің жағдайын, сондай-ақ бағыттамалы бұрмалардағы элементтерді тексереді. Дефектоскоптарды кезеңдік техникамен қайта қаруландыру рельстер ақауларын олардың дамуының бастапқы кезеңінде уақтылы айқындауға мүмкіндік туғызады, ал оларды уақтылы ауыстыру поездар қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлата отырып, жолдағы ақаулар санын азайтады. Шешілмелі, тасымалды дефектоскоптарға және жол өлшегіш арбаға  тәжірибелі операторлар мен олардың көмекшілері қызмет көрсетеді. Белгіленген кезеңділігімен дефектоскоптық-жолөлшегіш құралдар учаскесінің операторлары мен көмекшілері ТМД елдерінің арнайы оқу орындарында біліктілігін көтеретін оқудан өтеді.
Тоннельдік имараттар дистанциясы метрополитеннің тоннельдік имараттарының, бекеттердің және жерүсті имараттарын пайдалану мен жөндеуді жүзеге асырады. Дистанцияның негізгі қызметі метрополитен имараттарын ағымдағы күтіп-ұстау мен жөндеуге бағытталған. 
Метрополитен қызметтері жұмыс істеу кезінде жолдар және тоннельдік имараттар қызметі өзінің жұмысын жетілдіру бойынша, барлық озық және жаңа материалдарды қолдану бойынша, жаңа техниканы ендіру бойынша алдыңғы орындарда болды​.
Жолдар және тоннельдік имараттар қызметінің жұмыскерлері жолдың беттік салынуының, рельстік бекітпе және басқа да көптеген түрлері сияқты жаңа типтерді құру сияқты жобалық әзірлемелерге белсенді қатысты​.  

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023