Метрополитенде жол жүру төлемі

Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін метрополитен кассаларында жол жүруге арналған қолма-қол төленетін және қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі қарастырылған:

1. Смарт жетон - 80 теңге;

2. Баланың жасын растайтын құжатты ұсынған кезде 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін смарт жетон – 40 теңге;

Смарт жетонның жарамды мерзімі бір күн, мерзімі өтіп кеткен смарт жетонды әрбір сәрсенбі сайын  «Жетон күні» акциясы бойынша пайдалануға болады.

3. Бағасы 100 теңге тұратын  метроның  смарт картасы көп реттік пайдалануға арналған – жол жүру билеттерін сату бойынша кассалар мен автоматтар арқылы сатылады. Бір жол жүру бағасы - 80 теңге (60 жол жүруге дейін барынша толтыру);

Картамен жол жүрудің жарамды мерзімі соңғы толтырған сәттен бастап 3 жыл.

4. Банктік төлем карталарымен төлеу:

     «Master Card»;

     «VISA»;

     «Union Pay».

5. «POS» терминалы арқылы банк карталарымен төлеу.

6. «Оңай» көлік карталарымен төлеу.

Жеңілдігі бар көлік карталары тексерушіге ашылған күйінде ұсынылады. 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2018