Эскалатормен жүру тәртібі

      Эскалатор – қауіптілігі жоғары техникалық құрал​.

      Эскалаторда тұрғанда келесі жүру тәртібін қадағалау қажет​:

  1. Қозғалыс бағыты бойынша оң жақта тұрып, тұтқадан ұстап тұрып, сол жақпен өту керек​;
  2. Жолаушылар ағымы көп болған жағдайда метрополитен жұмыскерлерінің нұсқауы бойынша эскалатор төсемі баспалдақтарының сол және оң жағында тұру​;
  3. Эскалатордан түскен кезде мұқият болу керек: түсуге ертерек дайындалып, және шығатын жерде кідіріп қалмау керек​;
  4. Эскалатордан түскен кезде эскалатордың жылжымалы төсемінен арба сөмкелерін және ұзын киімнің етектерін көтеру керек​;
  5. Кішкентай балаларды қолда көтеріп тұру немесе қолдарынан ұстау керек​;
  6. Балаларды эскалаторда қараусыз қалдыруға болмайды​.

      Эскалаторды қолданған кезде​:

  1. Эскалатор баспалдақтарында шектеулі сызыққа басуға​;
  2. Эскалатордың қозғалмайтын бөліктеріне сүйенуге​;
  3. Сөмкені және жүкті эскалатор баспалдақтары мен тұтқасына қоюға​;
  4. Эскалатор баспалдақтарына отыруға рұқсат етілмейді​.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023