«Метрополитен» КМК кадрлар бөлімінің байланыстары:
Тел/факс: +7(727) 396 87 51
Эл. мекенжай: rabota@metroalmaty.kz
Метрополитен бойынша бос орындар |
||||
---|---|---|---|---|
№ |
Бос орын лауазымы |
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі |
Жұмыс кестесі |
Міндеттері/Талаптары |
1 |
Электрмеханикалық құрылғылар қызметінің эскалаторлары мен лифтілеріне қызмет көрсету жөніндегі электрмеханик |
Білімі жоғары электртехникалық, электрқауіпсіздік тобы ІІІ-тен төмен емес 1000В дейін және жоғары |
40 сағаттық апта 6 күндік жұмыс |
Қызмет көрсетілетін құрылғылар мен жабдықтардың жұмыс істеп тұрған күйін, авариясыз және сенімді жұмысты, оларды дұрыс пайдалануды, уақтылы сапалы жөндеуді қамтамасыз етеді. Уақытынан бұрын тозу себебін айқындайды, оларды ескерту және жою бойынша шараларды қабылдайды. Құрылғылар жұмысының ақауларын жоюға, оларды жөндеуге, монтаждауға және реттеуге, электртехникалық өлшемдер мен сынақтарға қатысады. Құрылғының бекітілген типі бойынша техникалық қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және басқа жұмыстардың прогрессивтік әдістерін игереді және енгізеді. Күрделі, жауапты электраппараттар мен электраспаптарды жөндеу, жинау және реттеу бойынша жұмыстарды орындайды. |
2 |
Қос доңғалақты баспалаушы |
Профилі бойынша білімі орта кәсіби, дөңгелекті станокта жұмыс істеуге рұқсат және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл |
40 сағаттық апта 6 күндік жұмыс |
Арнайы құралдарды қолдана отырып, қос доңғалақтың өстерінен доңғалақтарды, центрлер мен тістегершіктерді жаншымалап ажырату. Жаншымалап ажыратқаннан кейін қос доңғалақ элементтерін тексеру. Гидравликалық престе қос доңғалақтың өсінде доңғалақтарды, центрлер мен тістегершіктерді баспалау, анағұрлым біліктілігі жоғары баспалаушының басшылығымен сынама жүргізу. Баспалауға қос доңғалақты, өстерді және центрлерді бұрған және орнатқан кезде тельферлерді және кран-балкаларын басқару. |
3 |
Токарь-өстеуші |
Профилі бойынша білімі кәсіби- техникалық, кәсібі бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл |
40 сағаттық апта 5 күндік жұмыс |
8 - 11 квалитеті бойынша бөлшектерді және 12 - 14 квалитеті бойынша күрделі бөлшектерді әмбебап токарлық станоктарда өңдеу. Белгілі бөлшектерді өңдеу немесе жеке операцияларды орындау үшін 7 - 10 квалитеттері бойынша арнайы станоктарда бөлшектерді өңдеу. Сыртқы және ішкі бір кірісті үшбұрышты, тікбұрышты және трапеция тәріздес бұрандамен кесу. Берілген конусты беттерді алу үшін қажетті есептерді орындау. Жылжымалы құрамның қос доңғалақ өстерінің күпшекасты бөлшектерін токарлық-бұрама бұрғылау станогында өңдеу және бүрлеу, мойнақтарды, өстердің күпшекасты алдыңғы және орта бөлшектерін тегістеу. Еденнен көлік көтергіш жабдығын басқару. Көтеру, орнынан ауыстыру, орнату және жинау үшін жүктерді ілмектеу және байлау. |
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023