Пайдалану жабдығы

Алматы қаласының  "Метрополитен" КМК пайдалануға 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай берілді​.

Бірінші кезектегі желі (8,56 км) жеті бекетті қосады. Бекеттердің интерьерлерін Қазақстан сәулетшілері әрлеген. Барлық бекеттерде  интерьерлердің негізіне олардың атауы, сондай-ақ Қазақстан аумағында өмір сүрген халықтың ежелгі символикасы алынған. Платформаның қабырғалары мен едендері ою-өрнектермен және ежелгі түріктердің, сақтардың және басқа халықтардың өрнектерінде, әшекейлерінде және суреттерінде кездесетін басқа элементтермен жайнатылған. Бекеттерде халық мақамдары және заманауи стильдегі элементтер бар. Әрбір бекетте орталық шет жағындағы қабырға басты мозаикалық панномен сәнделген. Түрлі-түсті шешімдер граниттің, травертиннің және мәрмәрдің табиғи тастарымен шешіледі​.

Бірінші кезектегі метрополитен бүгінгі күнде тәулігіне 22 мың жолаушыны тасымалдайды​.

Метрополитен озық технологиямен және жабдықпен жабдықталған. Ол ТМД елдерінің ішіндегі ең заманауи деп айтсақ та болады. 29 әртүрлі қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған, оның ішінде​:

- метрополитен желісінің диспетчерлік басқару және бақылау орталығы​;
- ситуационный центр метрополитена в инженерном корпусе;
- магистральная информационная сеть;
 
- метрополитеннің инженерлік корпустағы ситуациялық орталығы;
- магистралдық ақпараттық желі;
- «TETRA» стандартының поездық және технологиялық радиобайланыс жүйесі;
- диспетчерлік басқару орталығы үшін ұжымдық қолдану ақпаратын бейнелеу жүйесі;
- қорғаныс автоматика жүйесі;
- диспетчерлік басқарманы электржабдықтаумен, жарықтандырумен және электрмеханикалық құрылғылармен автоматтандыру жүйесі;
- автоматты өрт дабылының жүйесі;
- күзет дабылының жүйесі;
- автоматты  газ сөндіру жүйесі;
- радиотрансляция және теледидар жүйесі​.

Метрополитенді пайдалануды орталықтандырылған және автоматты басқару үшін инженерлік корпус және поездар қозғалысын басқару және барлық технологиялық қондырғылар жұмыстарының орталығы болып табылатын пайдалану персоналының ғимараты салынған​.

Заң бұзушылықтың және террорлық іс-әрекеттің алдын-алу үшін бекеттерді және вагондарда бейне бақылау жүйесі қойылған​.

Жылжымалы құрам​
Пайдалануда алматы метрополитені үшін арнайы әзірленген оңтүстік кореялық Hyundai Rotem компаниясының өндіруімен жеті құрам (әрбіреуінде төрт вагоннан) бар​.

Құрамның ұзындығы 77,8 м., ені 2675 мм,  биіктігі 3670 мм құрайды. Құрам салмағы 142,4т. Максимал техникалық жылдамдығы - 80км/сағ. Табандық ені 1520 мм. Температуралық режимі: -35, +40с​.

4 вагондық құрам үшін жолаушылардың сыйымдылығы 940 адамды құрайды. Әрбір вагон жылыту, желдету және ауабаптау жүйесімен, жолаушылар салонын флуоресценттік жарықтандырумен жабдықталған. Түтін мен отты айқындау үшін ЖЖАБ (жылыту, желдету және ауабаптау) жүйесінің сору торының екі жағынан вагонға екі түтін және от детекторы орнатылған. Айқындалған мәліметтер машинист дисплейіне  TCMS (поезды басқару және мониторинг жүйесі) арқылы шығарылады. Сондай-ақ вагондар ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, бейнебақылаудың екі камерасы вагонның орталық бөлігінде және екі камерасы кабина қаптамасының екі жақ жанына орнатылған​.

Машинист кабинадан бейнебақылау жүйесінің монитор көмегімен вагондардың ішкі және сыртқы жағындағы жағдайды бақылай алады. Машинист кабинасының бас бөлігінде авариялық есігі бар​.

Барлық вагондар жолаушылардың бір вагоннан екінші вагонға қауіпсіз және ыңғайлы өтуін қамтамасыз ететін ашық типті (аралық есіктерсіз) кең вагонаралық өтулер арқылы бірге біріктірілген. Поездың екі жақ басы  автоматты ұстасумен жабдықталған, ал вагондар арасында ұстасу құрылғысымен жабдықталған, ол негізгі соққы күштерін ауытқудың газ-гидравликалық өшіргіші арқылы өшіреді​.

Тежеу жүйесі, энергияның минимал мөлшерін тұтыну үшін және фрикциялық жабдықтың тез тозуын, сондай-ақ қатты соғылуларды болдырмайтындай жобаланған. Электрпневматикалық тежегіш жүйесі рекуперативтік тежегішпен араласқан фрикциялық тежегішті жүзеге асырады және қажетті тежегіш күштеуді құратын электрондық басқару блогымен реттеледі​.

Осы қозғалыс құрамы​:

- жолаушылардың және қызмет көрсету персоналының жоғары қауіпсіздігін;
- жоғары жұмыс тиімділігі мен сенімділігін;
- жолаушылар мен машинист үшін жол жүрудің жайлылық жағдайын;
- тексеріске, техникалық қызмет көрсетуге және күрделі жөндеуге аз шығындарды;
- аз деңгейде энергияны тұтынуды қамтамасыз етеді​.

Вагондар 30 жыл ішінде көп мөлшерде қайта жабдықтаусыз, бекітусіз және жөндеусіз қалыпты пайдалану қызметі үшін жобаланған және құрылымдалған. Есептелген төзімділік мерзімі бойы тоттанбаған болат, вагонның шанақ материалдары тоттану әсеріне немесе атмосфералық жауын әсеріне ұшырамайды. Құрылымдылық және борттық жүйелері үшін профилактикалық қызмет көрсету есептелген төзімділікке қол жеткізу мақсатында қолданылады​.

Бірінші кезектегі желі бойынша бір басына жол жүру, интервалы 8-13 минут болатын бекеттердегі аялдамаларды қосқанда, 15 минутты алады​.

  

Жолдың беттік құрылысы және түйіспе рельсі​
ТМД  метрополитендерінде бірінші рет голландиялық фирма Edilon Sedra бекітудің бөлек типі бар монолит темірбетон негіздемеде шпалсыз рельс жолы қолданылған​. 
Жолды бекіту жүйесінде дара тығыз бекіту қолданылған. Таңдалған конструкциядағы дірілқорғаныс қасиеттерінің ауытқуларды өшіретін төрт сүзгісі бар. Бекіту тік жазықтықта жоғары иілгіштікке ие, түйіспейтін жолда тұрақты жұмыс үшін жағдай жасай отырып, 

  

  

айдап әкету күшінде едәуір кедергіні қамтамасыз етеді. Желідегі басты жолдарда ELEKTRO-THERMIT неміс фирмасының технологиясы бойынша SkV рельстерінің алюминотермиттік дәнекерлеуі қолданылған. Түйіспе желісінде REALTECH фирмасының болат алюминий түйіспе рельстері қолданылған​.

Алюминий басымдылығы​
- Жақсы  электр өткізгіштік және жоғары рұқсат етілген ток жүктемесі;
- Кернеуліктің келтірілген түсуі;
- Қуаттылықты анағұрлым тиімді бөлу;
- Төменгі салыстырмалы тығыздық;
- Орнатудың ыңғайлы процесі;
- Ауыр жүк көтергіш жабдық үшін ешқандай талаптың қойылмауы;
- Жақсы тоттану беріктігі;
- Энергияны сақтайды, бу әсерін тудыратын газдардың қысқаруына әсер етеді;
- Қызмет көрсету бойынша операция шығындарын азайтады;
- Пайдалану икемділігі.

    

Алюминий басымдылығы:

• Қосалқы станциялар санының қысқаруы;
• 10% аз энергия шығындары;
• Инвестициялардағы үнемдеу: 265 k€ жолдың әрбір км үшін;
• Жылдық үнемдеу: 40 k€ жолдың әрбір км үшін​.

Алюминий түйіспе рельстері үшін қойылатын талаптар:

- Өткізгіштігі жақсы алюминий балқымасы;
- Алюминий балқымасы механикалық және электр қасиеттері арасында дұрыс шешімді көрсетеді;
- Тоттануға кедергісі жоғары және беріктігі жоғары тоттанбаған болаттан жасалған қақпақ;
- Алюминий денесі және тоттанбаған болаттан жасалған қақпақ арасында тұрақты интерфейс
 
Коэкструзия
Коэкструзия – түйіспе рельстерді өндіру үшін бірегей технология, ол алюминий мен тоттанбаған болатты экструзиялау процесінде қосады
Коэкструзия – техникалық басымыдылықтар​

Тоттанбаған болаттан жасалған қақпақ пен алюминий арасындағы ешқандай тоттану әсері біріктіру әсерінің арқасында​:  

  • Болат жолақты блоктаудың арақасында қатпарлану қауіпі жоқ (екі қабат арасында сенімді біріктіру);
  • Тоттанбаған болаттан жасалған қақпақ бастапқы қалыңдықтан алюминий денесіне дейін өшірілуі мүмкін​.
Эскалаторлар
Hyundai, Модель Millennium эскалаторы – пластина тәріздес, эскалатордың реверсивтік қозғалысымен, 30 градусқа дейін еңісті тоннельдер бойынша жолаушылардың көтерілуі-төмен түсуі үшін шектеулі жүктемемен қызмет істейді. Жетек типі – мультижетек. Қолдану диапазоны –  20 - 50 м. 

Эскалатор Hyundai, Модель 32 (800 мм), Модель 40 (1000 мм) немесе Модель 48 (1200 мм) – көлденең бойынша 30 градусқа дейін еңістерде жолаушыларды көтере немесе төмен түсіре шектеулі жүктемемен қызмет істеуге қабілетті пластина тәріздес реверсивтік қозғалысы бар эскалатор болып табылады. Әрбір эскалатор – бұл рамадан, бағыттағыш рельстерден, жетек құрылғыдан, баспалдақтардан, баспалдақтарды тартқыш тізбекетерден, кіре-беріс алаңдардағы тарақтардан, парапеттерден, төсеніштен, қоршаулардан және эскалатордың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті басқа бөлшектерден тұратын бір жылдамдықтағы, автономдық құрылғы​.

Жетек механизмі - бұл ауыспалы токтың электрқозғалтқышының пайдалы әсерінің анағұрлым жоғары коэффициенті үшін арнайы қолданылатын бұрамалы тісті беріліспен жетек. Берік роликті тізбек жетектің тізбекті доңғалағынан баспалдақтардың үстіңгі тізбекті доңғалағына қуаттылықты береді. Антифрикциялық типті механизмдердің және қозғалтқыштардың подшипниктері​.

Электрдің көмегімен босатылған және серіппемен жүктелген дискі тежегіш3 төмендеткіш редуктор арқылы осы нүктеде әрекет ететін қозғалтқыштың жылдамдықты білігіне орнатылған, бұл жұмсақ, бірқалыпты тежеуді қамтамасыз етеді​.

Тежегіш бірнеше сақтандырғыш схемалардан тұратын кез келгені ажыратылған және жолаушылар үшін елеулі итерусіз жүктелген  эскалаторды толық немесе жартылай тоқтатындай әрекет етеді.

Баспалдақтар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін қолданылады. Баспалдақтың көлденең панелі және июлі көтергіші алюминий табақтан жасалған. Формаланған синтетикалық шайырдан жасалған, баспалдақтың әрбір платформасының бүйірлік және артқы жағынан орнатылған сары ендірмелер нақты және анық жеке баспалдақтар арасындағы және қоршаудың баспалдақтары мен бүйірлік панельдері арасында көрсетеді​.

Терең құйылған тұғырда  кронштейннің шарнирлік қысқыштары кез келген баспалдақты кез келген жерде жеңіл шешіп алуға мүмкіндік береді. Жұмыс кезінде  проступь және көршілес баспалдақтар және номинал қоршау панельдері арасындағы саңылаулар жолаушыларға баспалдақ шекарасындағы таңбалау жақсы көрініп тұр, олар эскалаторға кіргені немесе одан шыққаны белгіленеді​.

Электржабдықтау
Электр тарту үшін метрополитенде тұрақты ток қолданылады. Метрополитен қосалқы станциясының алғашқы қуаты 10 кВ кернеулікке қарастырылады. Ауыспалы токтың тұрақты токқа қайта түрленуі метрополитеннің тартқыш қосалқы станцияларында жүзеге асырылады. Номинал түзетілген кернеулік тұрақты токтың шиналарында 825 В. «Плутон» ЖАҚ өндірген қосалқы станциялардың барлық жабдығы (Запорожье қаласы, Украина).

10 кВ бөлу құрылғылары РУ-10 кВ функционалдық блоктардың базасында орындалады, олар тартқыш қосалқы станциялар жүктемелерін қоректендіру және жиілігі 50 Гц ауыспалы токтың  10 кВ электрэнергиясының кернеулігін тарату үшін  қолданылады​.

825 В кернеулікке таратқыш құрылғылар РУ-825 В функционалдық блоктар базасында орындалады.

Түзеткіш агрегат функционалдық блок түрінде жүзеге асырылған (ТА ФБ) және метрополитеннің тартымдық электрмен қамтамасыз ету жүйесінде алты немесе он екі пульстық сызбасы бойынша  825 В кернеулікпен ауыспалы токтың тұрақтыға өзгерту үшін қызмет істейді​.

Желдету
Тоннельдік желдеткіш үшін «TLT-Turbo GmbH» (Германия) компаниясы өндірген ТА-14/ 7-1 және ТА-167-1 типті заманауи осьтік желдеткіштер қабылданған. Бұл желдеткіштердің максимал өнімділігі агрегатты, диффузорды шығаруда элементтерді мұқият орындау есебінен, сондай-ақ жұмыс айналуының тиімділігі жоғары қанаттарын және бағыттағыш аппараты қанаттарының жүйесінен қол жеткізген. Желдеткіштің жұмыс кезінде қанаттар жағдайын өзгертудің тиімді тәсілі болып табылатын гидравликалық әдіспен жұмыс айналымының қанаттарын орнату бұрышын өзгерту жүйесі бар ТА-14/ 7-1 және ТА-167-1 типті желдеткіштер. Барлық желдеткіштер өзін қорғау жүйесімен жабдықталған – ол подшипниктердің және орамдардың, дірілдің температурасын, ағынша үзілуінің, жұмыс айналымы қанаттарының, жаппалы қалқанның жағдайын бақылау  болып табылады​.

Метроға арналған желдеткіштер өрт кезінде түтінді жоятын желдеткіштер түрінде және лас ауаны сору және таза ауаны беру үшін қолданылуы мүмкін. Жұмыс айналымының пішініне байланысты желдеткіштің орындалуы реверсивті емес және реверсивті бола алады. Конструкциясына байланысты желдеткіш монтажы көлденең және тік жүргізіле алады​.                                                        

Шығын 20-дан 200 м³/с дейін. Температурасы +400°C/120 мин. Жалпы қысымы 3500 Па дейін. Мотор қуаттылығы  500 кВт дейін. Жұмыс доңғалағының диаметрі 1.4 - 2.2 м.
Ерекшеліктері: 100% реверстеу, жоғары КПД  F400  EN12101/3 сәйкес.
Конструкция ерекшеліктері​

TLT модульдік конструкциясы желдеткіштің жалпы ұзындығын азайтуға мүмкіндік туғызады​.

  
Түтін шығаратын және диффузоры бар клапанымен желдеткіш​                   Жинақтағы желдеткіш​
                                                                             
Конструкция ерекшеліктері​
Жұмыс айналымындағы қанаттарды бекіту концепциясы жұмыс айналымының қанаттарын бекіту желдеткіштің жұмыс нүктесін оңтайландыруға мүмкіндік береді / ПӘК пайдалануға енгізген кезде​.

Керек-жарақтар
Әуе ағымын реттеу үшін SIROCCO түтінді жою клапандарының конструкциясы​.
    
Дөңгелек клапан​
Жалюзи клапаны​
Butterfly - клапан

 

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023