- ҚАЗ
- РУС
Метрополитеннің «Райымбек батыр» станциясы Алматы қаласының Медеу ауданында, Райымбек даңғылы, 100А, Назарбаев даңғылының қиылысында орналасқан.
Станцияда қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған алты түсетін жер бар.
"№1 түсетін жер":
Назарбаев даңғылы, MY CAR автосалонының жанында, түсетін жердің шет жағында лифт бар ("SIGMA" TL-110 көтергіш платформасы, көтеру биіктігі – 7,8 м, жүк көтергіштігі - 400 кг) (1-сурет).
Қоңырау шалу (домофон) батырмасын басу керек, кезекші персоналдың жауабын күту керек және лифтіге жіберуді сұрау керек, ол көлбеу көтергіштің көмегімен платформаға метрополитен станциясының платформасына қажетті бағытта электр пойыздарына түсіреді (2-сурет)
1-сурет
2-сурет
"№2 түсетін жер":
№1 түсетін жерге қарама-қарсы орналасқан Назарбаев даңғылы, жолды кесіп өткеннен кейін қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған лифтіні немесе №4 түсетін жер құрылғыларын пайдалануға болады.
"№3 түсетін жер":
Райымбек даңғылы (төменгі жағы), CHERRY автосалонының жанында. Бұл түсетін жерде қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған құрылғылар жоқ, №1 түсетін жерде қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған лифтіні пайдалануға болады.
"№4 түсетін жер":
Райымбек даңғылы (төменгі жағы). Түсетін жерде кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік телефон аппараттары орнатылған. Телефонды алыңыз (қоңырау автоматты түрде келеді) және станция кезекшісіне телефон аппаратында көрсетілген түсетін жердің нөмірін айтыңыз (3-сурет)
3-сурет
Осыдан кейін Сізге жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған SP-108 (номинал жылдамдығы – 15м/мин., жүк көтергіштігі – 230кг, электрмен қоректендіру – 220В) типті көлбеу көтергіштің көмегімен жаяу жүргіншілер өткелі аймағына түсіру үшін 3-4 минут ішінде келеді (4-сурет).
4-сурет
Әрі қарай қозғалысы мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған НП - 001 типті көлбеу көтергішімен түсу жүзеге асырылады (5-сурет).
Касса аймағында, турникеттерден өткеннен кейін сізді қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған Т-10 (жүк көтергіштігі – 130 кг) типті механикалық құрылғы көмегімен платформа деңгейіне дейін түсіреді. (6-сурет).
5-сурет 6-сурет
"№5 түсетін жер":
Райымбек даңғылы (жоғарғы жағы), Назарбаев даңғылы қиылысында
Кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік телефон аппаратын пайдаланыңыз (7-сурет).
7-сурет 8-сурет
Касса аймағында, турникеттерден өткеннен кейін Сізді қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған эскалатормен Т-10 үлгісіндегі механикалық арбамен платформа деңгейіне дейін түсіреді. (6-сурет).
Жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған SP-108 (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен қоректендіру-220 В) типті көлбеу көтергіштің көмегімен жаяу жүргіншілер өткелі аймағына дейін түсіреді (8-сурет).
"№6 түсетін жер":
Райымбек даңғылы (жоғарғы жағы), Назарбаев даңғылы қиылысында (9-cурет).
9-сурет 10-сурет
Кезекші персоналды телефон арқылы шақырғаннан кейін SP-108 (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен қоректендіру - 220 В) типті қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға көлбеу көтергішпен көмек жүргізіледі. (10-сурет).
Бұдан әрі касса аймағында турникеттер арқылы өтіп, қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін эскалатормен Т-10 үлгісіндегі механикалық арбада (2 дана) платформа деңгейіне дейін тасымалданасыз (11-сурет).
11-сурет
Сондай-ақ, станцияда қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған ROBY - Т09 типті (қозғалтқыш қуаты – 300 Вт, максимал жылдамдығы - 15 м/мин., жүру запасы - 23 қабат) баспалдақпен жүретін шынжыр табанды көтергіші бар (12-сурет).
12-сурет
«Райымбек батыр» станциясы бойынша қозғалысы шектеулі жолаушыға қызмет көрсетудің жалпы уақыты 15-20 минутты құрайды.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023