Мүгедек топтарға арналған ақпарат

Метрополитеннің «Алмалы» станциясы Алматы қаласының Алмалы ауданында Панфилов көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.

Станцияда қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған бір түсетін жер бар. Кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік телефон аппараттары орнатылған. Телефонды алыңыз (қоңырау автоматты түрде келеді) және станция кезекшісіне телефон аппаратында көрсетілген түсетін жер нөмірін айтыңыз.

"№1 түсетін жер":
- Панфилов көшесі (төменгі бөлігі), Бөгенбай батыр көшесіне қарай (1-сурет).


1-сурет

Осыдан кейін Сізге жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі СП-108 типті (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен қоректендіру – 220 В) қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған көлбеу көтергіштің көмегімен кассалық аймаққа дейін түсіру үшін 3-4 минут ішінде келеді (2-сурет).


2-сурет

Жолақысын төлегеннен және турникеттен өткеннен кейін қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға Т-10 (жүк көтергіштігі – 130 кг) типті механикалық құрылғының көмегімен адам жүретін деңгейге дейін түсіреді (3-сурет).


3-сурет

Әрі қарай қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған SP-108 типті (номинал жылдамдығы – 15 м/мин., жүк көтергіштігі – 230 кг, электрмен жабдықтау – 220В) көлбеу көтергіште станция платформасына дейін метрополитен пойыздарына қажетті бағытта түсіреді (4-сурет).


4-сурет

Сондай-ақ, станцияда баспалдақпен жүру мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған LG-2004 типті (қозғалтқыш қуаты – 300 Вт, максимал жылдамдық – 15 м/мин., жүріс запасы - 23 қабат) шынжыр табанды көтергіші бар (5-сурет).


5-сурет

Қозғалысы шектеулі жолаушыларға баспалдақ маршымен жүру үшін пандустар орнатылды (6-сурет).


6-сурет

"Алмалы" станциясы бойынша қозғалысы шектеулі жолаушыға қызмет көрсетудің жалпы уақыты 15-20 минутты құрайды.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023