- ҚАЗ
- РУС
Метрополитеннің «Алатау» станциясы Алмалы ауданында орналасқан, мекенжайы: Жароков көшесі, 101, Абай даңғылының қиылысы
Станцияда қозғалысы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін жабдықталған екі түсетін жер бар. Кезекші персоналды шақыру үшін мобильділік телефон аппараттары орнатылған. Телефонды алыңыз (қоңырау автоматты түрде келеді) және станция кезекшісіне телефон аппаратында көрсетілген түсетін жер нөмірін айтыңыз.
"№1 түсетін жер":
- Абай даңғылы (төменгі бөлігі), Жандарбеков көшесінің қиылысы (1-сурет).
1-сурет
"№2 түсетін жер":
- Абай даңғылы (жоғарғы бөлігі), Жароков көшесінің қиылысы (2-сурет).
2-сурет
Осыдан кейін Сізге жолаушыларға қызмет көрсету кезекшісі 3-4 минут ішінде SP-108 типті (номинал жылдамдығы - 15м/мин., жүк көтергіштігі - 230кг, электрмен жабдықтау – 220В) қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған көлбеу көтергіштің көмегімен касса аймағына түсу үшін келеді.
Жол ақысын төлегеннен кейін және турникеттен өткеннен кейін көлбеу көтергіште станция платформасына дейін метро пойыздарына қажетті бағытта түсіреді (3-сурет).
3-сурет
Сондай-ақ, лифт бар ("SIGMA" көтергіш платформасы TL-110, көтеру биіктігі - 7,8 м, жүк көтергіштігі - 400 кг).
- Абай даңғылында (жоғарғы бөлігі), Гагарин даңғылы мен Айманов көшесінің арасында орналасқан (4-сурет).
4-сурет
Қоңырау шалу батырмасын (домофон) басу керек, станция бойынша кезекшінің жауабын күту керек және кезекші персоналды лифтіге жіберуді сұрау керек, ол жаяу жүргіншілер өткелінің деңгейіне түсуге көмектеседі, содан кейін көлбеу көтергіштің көмегімен станция платформасына метрополитен пойыздарына қажетті бағытта түсіреді.
Сондай-ақ, станцияда LG-2004 типті (қозғалтқыштың қуаты – 300 Вт, максимал жылдамдық - 15 м/мин., жүріс запасы - 23 қабат) шынжыр табанды көтергіш бар (5-сурет) баспалдақпен жүру үшін қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған.
5-сурет
Қозғалысы шектеулі жолаушыларды баспалдақ маршымен жүргізу үшін пандустар орнатылды (6-сурет).
6-сурет
"Алатау" станциясы бойынша қозғалысы шектеулі жолаушыға қызмет көрсетудің жалпы уақыты 15-20 минутты құрайды.
КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023