Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам шығарылады

Жолаушылар ағымының ұлғаюына байланысты және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап Алматы қаласының метрополитенінде қосымша жылжымалы құрам желіге шығарылады. 

Осылайша, метро желісінде 10 құрам қызмет көрсететін болады. Жаңа құрамды енгізу есебінен электр жылжымалы құрам қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 6 минут 12 секундке дейін қысқартылатын болады. Электржылжымалы құрамның онлайн режимдегі қозғалыс кестесімен жолаушылар «Алматы қ. Метрополитені» қосымшасында таныса алады.

Еске сала кетейік, 2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа беріліп, жолаушылар ағымы екі шамамен есе ұлғайып, 85 мыңға жеткен болатын. Желідегі жылжымалы құрам сыйымдылығы 938 адамды құрайтын 4 вагоннан тұрады.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023