Бұл газеттің жолы да, жөні де бөлек!

Дәл қазір «Аlmaty aqshamy», «Вечерний Аlmaty» газеттеріне жазылу науқаны жүріп жатыр. Мегаполиске қатысты барлық ақпараттар, жаңалықтар, қызықты мақалалар осы қос басылымда жарық көреді.

«Alataý Aqparat» медиахолдингі өткен аптадан бері қала тұрғындары үшін қаланың бас газеттерін тегін тарату акциясын ұйымдастырып келеді. Кезекті шара Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Алматы метрополитенінде өтті. Газетті тарату барысында жасы егде тартқан адамдардың басылымдарға деген қызығушылықтарының басым екенін байқадық. Газет оқитын жастар да жоқ емес. Дегенмен қазіргі заманда адамдардың басым көпшілігі негізгі ақпаратты, жаңалықтарды электронды ақпарат құралдары арқылы алатыны шындық. Газет қызметкерлерінің мақсаты – халық арасында «Аlmaty aqshamy», «Вечерний Аlmaty» газеттерін насихаттау, қалалықтардың газетке деген қызығушылығын арттыру.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023