Алматы метрополитеніне 11 жыл

2011 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстандағы алғашқы және жалғыз метрополитен ашылды. Сол кезден бері метроның жұмысы тоқтаған емес.

Алдымен «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.Әуезов атындағы драма театры» және «Алатау» станциялары іске қосылды.

2015 жылы батыс бағытта тағы да екі станция ашылды - «Сайран» және  «Мәскеу».  

2022 жылғы мамырда «Сарыарқа» және «Б.Момышұлы» станциялары іске қосылып, енді метро желісі қала орталығын шеткі аудандармен байланыстыратын болды. Осылайша, метро желісінің ұзындығы 13,4 шақырымды құрады. 

Екі станция іске қосылғаннан бері жолаушылар ағымы шамамен екі есеге өсіп, күніне 90 мың жолаушыға дейін жетті. Ал 11 жыл ішінде метро 119 млн жуық жолаушы тасымалдаған екен. Бұл қалалық жолаушылар тасымалының жалпы көлемінде айтарлықтай орын алады.

Қазіргі кезде «Қалқаман» станциясының құрылысы жүріп жатыр. Метроның бұдан әрі дамуы бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023