«Сарыарқа» бекеті

«Сарыарқа» бекеті - Абай даңғылының көлік жүретін бөлігінің астында, Алтынсарин даңғылы мен Сайын көшесінің арасында, Family саябағының ауданында орналасқан.

Терең орналасқан (33 м), үш жармалы, пилон типті, бір вестибюлі бар бекет. Платформаның ұзындығы-110 м.

Бекеттің интерьерін сәулеттік-көркемдік безендіруді жасаудағы негізгі идея – Сарыарқаның кең байтақ жерінің әсемдігі мен өзіндік ерекшелігін көрсету.

Платформалық учаске қабырғалары символикалық түрде құм бедерін қайталайтын толқын тәріздес гранит тақтайшалары ендірілген мәрмәр таскесте тақтайшалармен капталған.

Шеткі қабырғада даланың үстінде күннің шығуын бейнелейтін, алдыңғы қатарда Сарыарқаның кең даласының қақ ортасында орналасқан жас астана Нұрсұлтанның аясында жүгіріп келе жатқан жылқылар үйірі бейнеленген панно орналасқан. Панно қазақ халқының бай мәдени-тарихи мұрасын еске түсіреді.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2022