Электрондық картаны немесе жетонды алдын ала дайындау.
Турникеттің жармалары жабылғанға дейін алда келе жатқан жолаушының өтіп кетуін күту.
Егер турникет жармаларының арғы жағында басқа жолаушы болса немесе соған қарай жүріп бара жатса, турникет арқылы өтпеу.
Электрондық картаны жасыл индикатор жанғанға дейін санауышқа жақындату және турникеттің алдында жолаушылардың жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін турникеттен өту.
Егер қызыл сигнал жанса, бақылаушыға жүгіну.
Егер сізбен 7 жасқа дейінгі бала болса, балалардың турникет арқылы өтуіне көмек көрсету үшін бақылаушыға жүгіну.
Бесік арба, велосипед немесе шабадан болған кезде турникет арқылы өту үшін бақылаушыға жүгіну қажет.
ТУРНИКЕТТЕН ӨТКЕН КЕЗДЕ:
Турникеттің астынан еңбектеп өтуге және үстінен секіруге;
Қоршаудан аттап өтуге;
Турникеттен бір мезгілде екі және одан да көп адамның өтуіне;
Турникетті ашу үшін күш салуға және электрондық карта іске қосылмаған кезде оны ашуға талпынуға;
Басқа біреудің атаулы көлік картасымен өтуге;
Басқа жолаушының өтуі үшін атаулы көлік картасын беруге;
Турникеттен өткеннен кейін турникетке жақындамауға және турникет арқылы электрондық картаны (затты) беруге;
Егер алдағы жолаушы турникетке кері оралса турникеттен өтпеу және жолаушы турникеттен алыстағанша турникеттен өтуге тыйым салынады.