Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Метрополитен» КМК сыбайлас жемқорлыққа және басқа да заңсыз әрекеттерді жасауға немесе жасыруға мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады.

Кәсіпорынға алдын алу құралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің міндетін атқарушы болып Ішкі бақылау бөлімі тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі мақсаты-кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ескерту. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес ұйым қызметіндегі сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар туралы хабарлаған (оның ішінде анонимдік) қызметкерлерді қорғауды қамтамасыз ету.

Лауазымды тұлғалар мен кәсіпорын қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың барлық фактілері, олардың тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін, кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарын бұзу туралы хабарламаны «жедел желі» hotline@metroalmaty.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді немесе «сенім телефонына» +7 (727) 271 00 92 қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021