Алматы метрополитенінің барлық бекеттері Wi-fi-мен жабдықталған

Ақысыз WI-FI барлық метро бекеттерінде қосылған. Байланыс метроға кіре-берісте, бекетке түскенге дейін жасалуы керек.
WI-FI-ға қолжеткізу үшін METRO желісіне қосылу қажет.WI-FI пайдаланушыны сәйкестендіру парағына автоматты түрде бағыттайды. Одан кейін сіз ашылатын өріске телефон нөміріңізді енгізіп, байланысты растауыңыз керек.
«Қала метрополитенінде ақысыз Wi-Fi-ға қолжетімдік біздің жолаушылар үшін жақсы сыйлық болды» - деп атап өтті «Метрополитен» КМК-нің баспасөз қызметінде.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023