Qazbilim-мен метрода тегін жүр» акциясы туралы

2021 жылдың 8 наурызында Республикалық QAZBILIM орталығының ұйымдастыруымен Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматы қаласындағы Метрополитенде барлық мектеп жасындағы қыз балаларға арналған «Qazbilim-мен метрода тегін жүр» акциясы өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Күнделікті мəселелерді шешумен қатар, балалардың бəріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да, сапалы білім алуы керек», - деп қолжетімді əрі сапалы білім туралы ерекше атап өткен болатын.

Осыған орай əлеуметтік тапсырыс ретінде «Республикалық «QAZBILIM» орталығының ұйымдастыруымен Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматы қаласындағы Метрополитенде Халықаралық əйелдер күніне сыйлық ретінде барлық мектеп жасындағы қыз балаларға арнап «Qazbilim-мен метрода тегін жүр» акциясын ұйымдастырып отыр.  

Акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – пандемия салдарынан мектептен қол үзіп, білім ордасынан шеттеп қалған оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, метрополитенде сапалы білім алуға шақыратын буклеттер мен брошюралар тарату.

Акция аясында кез келген мектеп жасындағы қыз бала Алматы қаласындағы кез келген метро стансасынан тегін жетон алып, қалаған жеріне жете алады.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021