Метрополитенде тактикалық арнайы оқу -жаттығулары өтті.

Алматы қаласы метрополитенінің "Сайран" бекетінде 10-нан 11-ші желтоқсанған қараған түні жер сілкіну салдарларын жою бойынша тактикалық-техникалық жаттығулар өтті. Бұл жөнінде метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаттығулардың аңызы бойынша 10 желтоқсанда 23 сағат 55 минутта Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 км жерде 9,5 баллдық шартты жер сілкінісі тіркелді. Қалада жер сілкінісі 9,0 балдық күшпен сезілді. Ең үлкен қирау Сайран бекетінде болды.

Жаттығу кезінде құтқарушылар құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара әрекеттесуді пысықтады. Жаттығуда ӘАҚҚ қызметінің жеке құрамы, көлік қауіпсіздігі қызметі, қозғалыс қызметі, электрмеханикалық құрылғылар қызметі, жол және тоннельдік имараттар қызметі, метродағы ІІБ өкілдері және т.б. қатысты.

Жаттығудың негізгі міндеттерінің бірі «Метрополитен» КМК қызметкерлерінің төтенше жағдайдың салдарын жоюға және зардап шеккендерді құтқаруға дайындығын тексеру болды.

Оқу-жаттығудың мақсаты «Метрополитен» КМК-нің барлық қызметкерлерінің жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғау шараларын өткізуге дайындығын тексеру. Метрополитен қызметкерлері арасында төтенше жағдай кезіндегі қажетті практикалық дағдылар мен іс-әрекеттерді және жер сілкінісі кезінде дұрыс мінез-құлықты қалыптастыру. Бекеттің басшылық құрамына арналған АҚ іс-шараларын ұйымдастыру және өткізудің практикалық дағдыларын алу.

Метрополитеннің әскерилендірілген апаттан-құтқару қызметінің төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға дайындығын тексеру.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2021