Алматыда метро вагонына жабысып алған блогер жазаланды

Алматыда метро вагонына жабысып алған блогер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 жастағы жігіт әлеуметтік желіде танымал болу үшін трюк жасап, оны камераға түсірген.

"Мұндай әрекет оның өмірі мен денсаулығына ғана емес, сонымен қатар, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін ол білмейді деп ойламаймын. Ч. есімді азамат заңға сәйкес шаралар қабылдау үшін тәртіп сақшылары оны іздейтінін білген. Сондықтан ол жасырынған. Алайда кеше кешке (10 қараша - ескерту) ол ұсталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы ("Темір жол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Ч. есімді азаматқа қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді", - дейді метрополитендегі полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Тимур Өсекбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда блогердің метро вагонына жабысып алғаны түсірілген видео тараған еді

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2023