Алматы қаласы метрополитенінде «Biz birgemiz» көрмесі ашылды.

2020 жылдың 4 қарашасында Алматы қаласы метрополитенінің «Мәскеу» бекетінде «Biz birgemiz» көрмесі ашылды. «Еріктілер жылы» аясында «Jas otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалы метрода әлеуметтік фотосуреттерді көрсетуді ұйымдастырды.

Көрмеде Сovid-19 жаhандық пандемиясымен күреске қатысқан еріктілер ұйымдарының фотосуреттері ұсынылған. Фотокөрме 7 қарашаға дейін жалғасады.

Іс-шараның мақсаты дүниежүзілік пандемия кезінде өздерін белсенді көрсеткен барлық еріктілер мен еріктілер ұйымдарына алғыс білдіру болып табылады.

 

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2020