Айдын Бейсмолданұлы Оразханов Алматы қаласы «Метрополитен» КМК-нің директоры болып тағайындалды.

 «Метрополитен» КМК-нің директоры Айдын Оразханов болып тағайндалды, — деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі. 

 Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы басшысының тиісті бұйрығы 2020 жылдың 02 қазанында шықты. 

Айдын Оразханов «Пайдалы  кен орындарын барлау  техникасы мен технологиясы» мамандығы бойынша Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, сондай-ақ М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы,  «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Метрополитен қызметкерлеріне жаңа басшыны қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Маматұлы Әділов таныстырды.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2020