Алматы метрополитені 8 жылдығын атап өтті.

Оңтүстік астана символдарының бірі – метрополитенге 8 жыл.

Метроның туған күні  1 желтоқсан. 8 жыл бұрын осы күні алматы метрополитенініің жеті бекеті өз есіктерін қонақжайлылықпен айқара ашты. Жиылған жұрт жапатармағай кірген болатын.

Дәл 2011 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің қатысуымен 7 бекет — "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", «Абай», Байқоңыр», «М. Әуезов атындағы драма театры», «Алатау» пайдалануға берілді. Кейінірек  2015 жылы «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылды.  

Бүгінгі таңда алматы метрополитенінде желі ұзындығы 10,3 км болатын 9 бекет жұмыс істейді, онда 28 вагон қызмет етеді, әрбіреуі төрт вагоннан тұратын тағы сегіз электржылыжмалы құрамды сатып алу үшін келісімшартқа қол қойылды.

Сонымен қатар «Сарыарқа» және «Достық»  екі бекеті салынуда, метроның бірінші желісінің ұзындығы 3,1 км артатын болады, сондай-ақ жақын арада «Қалқаман» және «Автовокзал «Западный» бекеттерінің құрылысы басталады.

Метрополитеннің соңғы жылдары жолаушылардың қауіпсіз және жайлы тасымалын қамтамасыз ету үшін едәуір жұмыстар жүргізілді. Метрополитен - Алматы қаласы тұрғындарының ажырамас бөлігіне айналды.

Сіздердің назарларыңызға!!!!

Метроның ашылғандығына 8 жылдықты тойлату құрметіне метрополитен қызметкерлері өлең жаздыртып, бейнеклип түсірді.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2020