"Байқоңыр" метро стансасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрме ашылды

2019 жылдың 28 қарашасында сағат 11:00-де Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Метрополитен» КМК басшылығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күніне арналған фотокөрмені ашты. «Байқоңыр» метробекетінде орналастырылған көрмеде Елбасының 2019 жылы жастармен бірге түскен суреттері қойылған.


Барлығымызға белгілі, 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Бұл мемлекеттің жас ұрпаққа үлкен назар аударып, Республикамыздың әл-ауқатын қамтамасыз етуге және жастарды дамытуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламаларды қабылдап жатқанын дәлелдейді. Фотокөрменің салтанатты ашылуы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және олардың саяси санасын қалыптастыру, оларды еліміз қол жеткізген жетістіктер туралы хабардар ету мақсатында өтті.

Ашылу рәсімі кезінде Елбасының сүйікті әндері, Қазақстан туралы әндер шырқалып, халық күйлері, добыра, гитара және баянның сүйемелдеуімен жанды туындылар орындалды. Фотокөрме көпшілік жүретін «Байқоңыр» бекетінде кезіккен қала тұрғындары үшін 2019 жылы 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында ашық болады.

Көрме 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Сіздерді Күтеміз!

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2020