Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту

Ұлы Абай мұрасын елімізде кеңінен насихаттау мақсатында,  Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Алматы қаласы Метрополитені шетте қалмады, жастар іс-шаралары және тәрбиелік акциялар өткізді.

Алматы қаласының Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорымен бірлесе отырып, ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған Bookcrossing ұйымдастырылды. Метроның «Абай» бекетінде кітап сүйгіш адамдардың басы қосылды. Бұл өзінің жеке кітапханасын жаңартып, Ұлы Абайдың шығармаларын еске түсіріп және шығармаларымен жаңадан танысуға керемет мүмкіндік болды.

Сондай-ақ бұл күні метро бекетінде концерттік бағдарлама өтті, онда ақынның ең жақсы өлеңдері, нақыл сөздер мен әндері оқылды. Қала тұрғындары мен Абай бекетіне келушілер үшін ақынның кітаптары мен шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрермендерімізді қолдау және құттықтау үшін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі - Саят Қамчигер, Ұлттық аударма бюросының редакторы Есей Жеңісұлы келді. Біздің кітап алмасуға қатысу үшін олар әдеби басылымдарын өздерімен бірге алып келіп, оларды арнайы құрылған Bookcrossing сөресіне қалдырды. Ең белсенді қатысушыларға Абайдың «Қара сөздері» таратылды.

Сонымен бірге, Абай бекетінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесіп, «Абайтану оқырман, таңырка!» атты ақпараттық акция өткізілді. Акция барысында студенттер Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады, қала тұрғындары арасында интеллектуалды викторина өткізіліп, Ұлы Ағартушының сөздері жазылған кітапшалар және естелік сыйлықтар таратылды.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019