Метрополитен тексеріс жүргізді, ауытқулар айқындалмады

Гоголь көш., 75 үй тұрғындарының шағымдарына байланысты 2019 жылдың 31 мамырында «Метрополитен» КМК-нің жұмыскерлері тексеріс жүргізді.

Тексеріс кезінде көрсетілген ақаулар тұрғын үйдің шығыс бөлігінде орналасқаны және метрополитеннің техникалық аймақ шекараларынан тыс жерде екені белгіленді.  

Сонымен бірге, метрополитеннің желісі үстінде орналасқан ғимараттарда орнатылған реперлерге өлшеулер жүргізілді, оның нәтижелері бойынша ауытқулар айқындалған жоқ.

Өлшеулер 1993 жылдан бастап жүргізіледі және оның нәтижелері маркшейдерлік құжаттаманың тізілімінде жыл сайын тіркеліп отырады, қазіргі кезге дейін ауытқулар тіркелген жоқ.

Осы үйдің тұрғындарынан шағым бірінші рет түскенін ескере отырып, шуыл мен діріл деңгейіне де өлшеулер жасалды. Оның көрсеткіштері ГОСТ 31191.2-2004 нормаларының шектеулерінде.

Тексеріс қорытындылары бойынша метрополитен қызметінің ғимараттарға әсер етуі норма шегінде екенін атап өту керек.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019