Алматыда метрополитеннің жаңа бекеттерін салу кезінде жобада жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерді ұсыну сапасын арттыру мақсатында халықтың қауқары аз тобы үшін тосқауылсыз ортаны құруда барлық жағдайлар ескерілді.

Алматыда метрополитеннің жаңа бекеттерін салу кезінде жобада жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерді ұсыну сапасын арттыру мақсатында халықтың қауқары аз тобы үшін тосқауылсыз ортаны құруда  барлық жағдайлар ескерілді. Метроның «Сарыарқа» және «Достық» бекеттері лифтілермен, дәретханалармен, тік көтергіш құрылғылармен, жанасу навигациясымен және көрсеткіш белгілермен жабдықталатын болады. Инфрақұрылым платформаға кіре-беріс жолын орташа 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.

Салынап жатқан бекеттерді жобалау кезінде Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының және Қазақстан мүгедектерін ұйымдастыру одағының ұсыныстары ескерілді.

«Бүгінгі күнде көтергішті пайдалану үшін метрополитеннің қызметкерін шақырту қажет. Жаңа бекеттерде лифтілер, еңісті көтергіштер платформаға дейін былай жасалатын болады, халықтың қауқары аз тобы, қарт адамдар және балалары бар арба сүйреткен жолаушылар кезекшінің көмегінсіз платформаға дейін өздері жете алатындай болады. Бұл ретте, орнатылған жабдық пен материалдар қауіпсіздік, ыңғайлылық және сапа саласында барлық халықаралық талаптарға жауап береді», - деп атап өтті «Метрополитен» КМК-нің директоры Ербол Әбілдинов.

Жаңа бекеттер қаланың жатық аудандарында орналасатынын атап өту керек. «Сарыарқа» бекеті «Family» паркінің қасында тұр, осылайша № 1, 3, 4, 6, 7, 10, 12 ықшамаудандарын қамтиды, ал «Достық» бекеті Момышұлы көшесінен батысырақ орналасады және  Жетісу, Жетісу 2, Жетісу 4, Мамыр, Мамыр 4, Мамыр 7 ықшамаудандарын қамтиды.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019