АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕТРОПОЛИТЕНІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ЖЕҢІСТІҢ 74 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Метрополитен» КМК Алмалы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады, оларға естелік сыйлықтар, азық-түлік себеттерін беріп, жылы лебіздерін білдірді. Жеңіс жауынгерлерін олардың ерліктері үшін, ашық аспанымыз үшін, азат елде өмір сүріп, еңбек етіп жатқанымыз үшін құттықтады. Болашақта осындай кездесулер дәстүрге айналады деген сенімдеміз. Алматы метрополитенінің қызметкерлері алдыңғы ұрпақтың ерлігі туралы естерінде мәңгі сақтайды және соғыс ардагерлеріне, афган соғысының ардагерлеріне, сондай-ақ Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқан ардагерлерге көмектесуге тырысады.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері қонақтарға өте риза болды, олардың көңіл аударғандары және жылы лебіздері үшін көңілдері босап, көздеріне жас алды. Олар бастан кешкендерімен бөлісіп, кәсіпорынның басшылығына олардың қамқорлығы мен көрсетілген көмектеріі үшін алғыстарын білдірді.  

 

Сурет: http://www.metroalmaty.kz/?q=kk/node/2630

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019