АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕТРОПОЛИТЕНІНІҢ «МҰХТАР ӘУЕЗОВ атындағы ДРАМА ТЕАТРЫ» БЕКЕТІНДЕ ҚАЛАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТТІ

2019 жылы мамырдың 3-нен 4-не қараған  түні Алматы қаласы метрополитенінің «Әуезов ат. драма театры» бекетінде «Метрополитен бекетінде құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізген кезде Азаматтық қорғаныстың басқару органдары, күштері мен құралдарының іс-қимылдары және апат салдарларын жою» тақырыбында қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өтті.

«Алматы қаласының құтқару қызметі» МКҚК бөлімшесі осы оқу-жаттығуды өткізуге қатысты, ТЖ жою штабын ұйымдастыруға палаткаларды құрды, сондай-ақ ТЖ жоюдың жылжымалы штабын және апаттан құтқару отрядын құрды.

«Әуезов ат. драма театры» бекетіндегі қосалқы станцияда аңыз бойынша трансформаторлық қосалқы станция тұтанды, соның салдарынан платформа мен вестибюль қатты түтіндеді.  Бекет кезекшісі пойыз диспетчеріне радио байланыс арқылы апат туралы хабарлады.

Оқу-жаттығу екі кезеңде өтеді: хабарлау, Азаматтық қорғаныстың күші мен құралы апат туындаған жерге жетеді және апаттық-құтқару және басқа шұғыл жұмыстарын жүргізеді.

ТЖ орнына өзара іс-қимыл қызметтері келеді және салдарларды жоюға кіріседі. Метрополитеннің апатты қалпына келтіру  бригадаларының командирлері апат аймағында энергиямен қамтамасыз ету нүктелерін токтан ажыратады. «Метрополитен» ІІБ қызметкерлері жолаушалырды бекеттен шығаруды ұйымдастырады және үстіне шығарады. Көлік қауіпсіздігінің қызметі  Метрополитен бекетіне кіре-беріс топтарда периметр бойынша қоғамдық тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, қоршайды. Қалыптастыру бөлімшелерінің командирлері барлау жүргізгеннен кейін шығару элементтері, бірінші медициналық көмек көрсету және оларды медициналық мекемелерге жектізу үшін құтқару іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады. Сонымен бірге қосалқы станцияда туындаған өртті бір уақытта жою жүргізіледі.

 

Осы оқу-жаттығулар басқару органдары мен өзара іс-қимыл қызметтері күштерінің үйлестіру механизмін пысықтауға, сондай-ақ  Алматы қаласындағы барлық қызметтердегі құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуге практикалық машықтандыруларды жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жеке құрамда жоғары моралдық-психологиялық сапаны қалыптастырады.

Оқу-жаттығу сәтті өтті, алдыға қойылған оқу-жаттығу мақсаттары мен тапсырмалары орындалды.

 

04.05.2019

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019