Метроның «Абай» бекетінде «Almaty - adaldyq alany» жобасы аясында тағыда бір адал турникеті ашылды.

Кедергісіз (тосқауылсыз) өту жүйесін алғаш рет "Алмалы" бекетінде бір ай бұрын енгізді: бекетке кіре-берісте турникет жармаларын ашты, жол жүру ақысын қала тұрғындары банк картасының, жетонның болмаса метрополитеннің смарт-картасының көмегімен төлей алады. Эксперимент сәтті өтті – "адал турникеті" арқылы 12 мыңнан астам өтті, оның тек 48-і ғана жол ақысын төлеген жоқ.

Екінші «кедергісіз (тосқауылсыз) кіре-беріс» қала тұрғындарының, әсіресе жастардың ыңғайлылығы үшін «Абай» бекетіне орнатылды. «Алматы - адалдық алаңы» жобалау офисі мен метрополитеннің бастамасы бойынша енгізілген кедергісіз (тосқауылсыз) өту жүйесі «Абай» бекетінде өзінің логикалық жалғасын тапты, мұндағы қызметтерді күн сайын 4-5 мың шамасындағы адам пайдаланады, осы бекеттің жанында көптеген жоғары оқу орындары болғандықтан жолаушылардың көпшілігі студенттер болып табылады.

Жолаушылар жетонды салып, банк немесе "Оңай" карталарын тигізіп, ешқандай кедергісіз өте алады. "Ақысыз" өткендер үшін ешқандай жаза қарастырылмаған. Мамандар бар болғаны мониторинг жүргізеді.

Алматы метрополитенін күн сайын пайдалану жолаушылары 46 мыңды құрайды, олардың үш мыңдайы "Абай" бекетінен өтеді.

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019