Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпан № 1/1-283 қаулысы Алматы қаласының Әуезов ауданында метрополитен желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпан  № 1/1-283  қаулысы Алматы қаласының Әуезов ауданында метрополитен желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына және  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлкеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2019 жылғы 10 қаңтардағы қорытындысы негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік иесі Ботакоз Сакеновна Бекназарова жер учаскесін алып қоюсыз метрополитен желісін салу үшін, Алматы қаласы, Әуезов ауданы,          8 шағынауданы, 41/9 учаскесі (кадастрлық нөмірі 20-312-057-750) мекенжайы бойынша орналасқан аумағы – 0,3500 га жер учаскесіне қауымдық сервитут үш жылға белгіленсін.

2. Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) жер учаскесінің меншік иесіне қабылданған қаулы туралы хабарласын;

2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтасыз етсін. 

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                    Б. Байбек

КГП "МЕТРОПОЛИТЕН" АЛМАТЫ 2019